Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.35
EUR / KZT - 405.46
CNY / KZT - 51.64
RUB / KZT - 5.87

Майдан? Қайдан?

19 Ақпан 2014, 15:31
0

 Мына түндері ұйықтау мүмкін емес... Жүрегің шамырқанады. Онлайн форматта, Еуромайданның бар драматургиясын елегіңнен өткізу қандай ауыр десеңізші...

 
Басында естеріңізде болса, "Біз қырғыздар секілді дүкен тонамаймыз, басқалар секілді полицеймен шекіспейміз, көшелерімізді талқандамаймыз, бәрі де еуропалық мәдениетке сай бейбіт шерулер болады" деген уәделер жиі айтылды. Бірақ қазірдің өзінде ресми 11, бейресми түрде 20 адамның құрбан болғаны белгілі, 7-еуі - полицей. 400-ден астам адамның басы жарылып, көзі шықты.
 
Сол бейбіт шеру революцияға, революция міне азаматтық соғысқа ұласып бара жатқандай. Тек Киев емес, Батыс облыстарындағы әкімшілік ғимараттарын басып алып, құжаттарды өртеп жатыр. Өте қорқынышты. Өте...
 
Бәрі де осылай әдемі ұран, әсем байрақпен басталады, бірақ бәрі осылай қайғылы аяқталып жатады. Кімнің кімге, не атып жатқанын білмейсің. Арандатушылар араласса да, ал тауып көр мына суматохада.
Бір ғұламаның айтқаны бар: Санаулы адамдар ғана жаманаттың боларын сезеді. Сансызы ғана жаманат әбден болған соң сезінеді. 
Қашанда солай... Қашанда.
 
Еуромайданның қасында біздің шілтер дамбалды шектеді деп халықты алаңға шақыруымыз тіптен күлкілі екен. 
Ішкиімді шектесе - техникалық регламент.
Девальвация болса - экономикалық заңдылық.
3 банк жабылады десе - аса ақылды емес қауесет.
 
"Қорыққанға қос көрінеді". Ештеңеден қорықпайық. Бірақ қорықпағанның жөні осы екен деп алаңға халықты арандатқаннан арам әрекет жоқ!
Еуромайданға таң қаламыз-ау, бірақ біздің де аңғалдықтарымыз толып жатыр. Кешегі банктер жабылады деген смс-арандатудың өзі бүтін халықты дүрліктіріп жіберді.
 
Ең қызығы, осы дүрлікпені бірден су сепкендей басатын институттар өз қызметін дұрыс ұйымдастыра алмады. Мысалы, мықты сарапшының суық ақылға суғарылған бір жедел пікірін оқи алмадық. Аса тиімді мемлекеттік ақпараттық жүйенің қызметін көре алмадық. Қаншама арна, газет, блогерлер – бірақ 1 ғана мәтіндегі жүздеген смстың алдында дымға жарамай қалды.
 
Шамасы, бізге ақпараттық саясатты мықтап қолға алып, концепциясын әбден өзгерту керек. Әйтпесе, мақсатты түрде соққан ақпараттық дауыл болса, мұрттай ұшамыз. Бұл сіз көріп отырған Еуромайданнан да қорқынышты. Қауіпті...
 
Барымызды бағалайықшы!
Бағымызды шайқамайықшы!

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай