Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.21
EUR / KZT - 391.74
CNY / KZT - 50.08
RUB / KZT - 5.57

Қожанасыр... "Еларна"... Досаев...

14 Наурыз 2014, 11:42
0

Қожанасырды біреу өзбек дейді, біреу түрік дейді...Қазақ та қалыспай кейде өзіне меншіктеп қояды. Ал, мен Қожекемдi кешеден бері таза қазақ деген шешімге келдім. Кейбір қылықтары өзімізден аумайды-ау, аумайды.

Қожанасырдан "бес теңге көп пе, он теңге көп пе?" деп сұрағаны есіңізде болар. Алаңғасар атамыз "бес теңге!" деп жауап береді ғой. "Неліктен?" дегенге "бес теңге деген - сегіз әріп, он теңге деген-алты әріп!" деп өз логикасын айтады. Кеше дәл солай болды.

Экономика министрі Ерболат Досаев депутаттар алдында "Еларнаның" жабылуын "екі миллиард теңгені экономдау" деп түсіндірді. Сол күні Франциядағы елшілікке Париждің төрінен он миллиард теңгеге ғимарат сатып алмақшы болып жатқанымыз хабарланды. Менің жаман логикам осы екі ақпаратты қорыта алмай қиналып жатыр. Парижде бір үйіміз болған жақсы-ау! "Әй, бірақ Нарынқолдағы шешемнің "Еларнаны" көргені одан да жақсы еді ғой..." дейді сол жаман логикам. Бәрібір миым жетпеген соң Қожекемнiн логикасына да салып көрдім. Париждегі үйдің құны-он әріп, "Еларнаның" экономы - он бір әріп...

Досаев бұл жолы Қожекемше есептеген секілді. Шынымды айтсам басым қатып кетті. Мүмкін сіздердің логикаларыңыз "железный" шығар? Ақыл қосыңыздар, ағайын!

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай