Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.21
EUR / KZT - 391.74
CNY / KZT - 50.08
RUB / KZT - 5.57

"Өлдің "Майдан" қор болдың"...

18 Наурыз 2014, 14:30
0

Алтын Орданың олигархтары өзара бақталасып, қазақ хандарын бір-біріне айдап салып, Ордамыздың талқанын шығарғаны тарихи шындық. 20 жылда (1359-1379) таққа 25 хан жайғасып, еліміздің тоз-тозы шыққан сол бір заман ұмытылар ма екен? Әй, жоқ... Ұмытпасаңыздар, сол бір сындарлы күндерде Қырымдағы Генуя мен Венецияның көпестеріне сүйенген Қият Мамай батыр қырдан қол жинап өз жұртына өзі қарсы шығып, ойран салған болатын. Сыртқы күштердің (Генуя колониялары) арбауына көндіккен аңғал батыр "жұртымды құтқарамын" деп өзі солардың тұзағына түсіп, орыстан да, Тоқтамыс ханнан жеңіліп ақыры генуялық тажалдардың қолынан өлім құшты. Сонда батырдың түпкі дұрыс ниетін қолдап, бірақ одақтастарын жақтамаған біздің айтқыш жұрт: "Өлдің Мамай қор болдың..." депті. Бүгін, араға дәл 632 жыл салып Қырымда сол оқиғаға ұқсас саяси шиеленістер орын алуда. Бірақ бұл жолы Мамайдың рөлінде – Майдан. Бұл ел өз жұртын қорғау (қазіргі Украин билігі) жолында мұхиттың арғы, бергі бетіндегі "дәулермен" іштей ымыраласып, айтқандарына көніп, көп шешімді өздері емес, солардың нұсқауымен қабылдады. Жалпы Украин халқын және оның Майданын 100 пайыз қолдай отырып, шовинисттік Ресейдің жымысқы саясатына жиіркене қарайтын мына менің "дәулерге" өкпем қара қазандай. Оларға қояр бірнеше сұрағым бар... "Егер Украинаның тұтастығына жауап бере алмасаң, теке-тіреске неге итермеледің? Егер қауқар таныта алмайтын болсаң. Яценюктарды неліктен орыс тілінің аймақтық статусын алып тастауға мәжбүрледің? Украина үшін жан пида деген сұхбаттарың қайда қалды?" Осы сұрақтар көмейіме кептеліп тұр.  

"Дәулердің" кеше және бүгін жасаған санкциялары тым күлкілі. Бәрі өтірік айбат шеккен болады, сөздің шыны керек, мен "АҚШ Иранға қойған санкцияларына пара-пар шешім қабылдайды-ау" деп ойлап едім. Бәрі бекер екен. Бар болғаны 7 адамды қара тізімге ендіріпті, енді олар Еуропаға бара алмайды және ол жақтағы ақшаларын ала алмайды-мыс. Көкее-еее, олар баяғыда қаражатын басқа банктерге тығып тастаған, кешіктің! Оның үстіне дәл осыған ұқсас санкциялар Белорусьтың батька командасына талай рет қойылған және қоюдағы басты себеп Белорусьтар өз елінде адам құқын таптапты-мыс (бұл санкциялардан Лукашенконың бір тал шашы да түскен жоқ). Сонда атышулы "дәулер" Ресейдің Қырымды алуын, Белорусьтағы адам құқықтарының тапталуымен салыстырғаны ма?! Өкінішті, өте өкінішті. Бұл санкцияларға Ресейдің мұрты да қисаймайды. Рогозиндер іштей қуанып отырған шығар. Жоқ әлде арғы жақ пен бергі жақтың түпкі "спонсорлары" бір ма?! Мүмкін солай шығар. Екі жақ бір украин халқын қырылыстырып, Қырымды алып алды. Енді 1-2 жыл әртүрлі сұхбаттар береді да артынан: "Е, жарайд, өзіміз ғо..." деп қоя салады ма?! Ондай болса, өлдің Мамай қор  болдың! Десе де Ресейге қарсы санкциялар әлі де күшейеді деген ойым бар... Барақ батырдан...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай