Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.95
EUR / KZT - 408.73
CNY / KZT - 51.80
RUB / KZT - 5.87

Қылтимада қылтиған ой...

18 Наурыз 2014, 14:46
0
...Балконнан түнгі Алматыға қарап тұрсаң талай керемет ойлар келеді. Шабытың тасып, шалқар жыр көңілдің ернеуінен асып кете жаздайды ғой шіркін! Сол шабытты тізгіндей алмай, жақұт жырды балконның өзінен бастамақ болғанымды қайтерсіз...Тоқта, тоқта! Қазір "балкон" емес "қылтима" деп жүрміз ғой. Қылтимада қылтиып тұрып қиналғаным-ай. Келмейді-ау, келмейді. Арғы, бергі балкон төңірегінде жыр жазған ақындарды еске түсіріп көрдім.
 
"Неге өртенді, жүрегім неге өртенді?
Нелер келіп басыма, нелер төнді...
Балконыңнан қол бұлғап қарсы алушы-ең,
Неге менен жасырдың көлеңкеңді?"
Бұл - Мұқағали! "Қылтимаңнан қол бұлғап...". Мұқаң жазып отырған жырын жыртып тастар ма еді, қайтер еді?...Ары кеттік.
 
"Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде қалды екен деп жастығым..."
Көзі тірі Байбота ағамызға арналған өлеңді өзімізше өзгертіп көрсек қалай болар екен? Күлкім келді. "Байбота шал отырады қылтиып, Қай пәтерде қалды екен деп жастығым..." Қой құрсын, аулақ жүрейін. Мен ақын емеспін. Бірақ кейде, фонтан жайлы да жазғым келеді. Бірақ, оны "субұрқақ" деп аударғандарын естігенде қайбір көркем дүние туа қояр дейсің. Біреулер оны тіпті "шаптырма" деп те аударып жіберіпті. "Шаптырма" шабытымды біржола өшірді...
 
...Осы жерде арқырап, арқасы қозып талай ақын отыр. Бәлкім сіздер "қылтима" мен "шаптырма" жайлы шабытты жыр жазасыздар,ә?
 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай