Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

"ШАЙ ДА ЖОҚ, МАЙ ДА ЖОҚ!.."

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ "ШАЙ ДА ЖОҚ, МАЙ ДА ЖОҚ!.." ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

  ...Жап-жақсы көңіл-күймен тұрып едім. Мыналарды-ай, ә! "Жаман пиар" да пиар, шірік қияр да -қияр!" дейтін жұлдыздарды айтамын. Қайдан ғана таң атпастан "көк жәшікті" қоса қойып едім...
Жылтыңдап Нұрлан Еспанов пен майысып Айгерім Қалаубаева сөйлеп жатыр екен. Нағыз иненің тесігінен өтетіндер осылар. "Пәлен жерде бірдеңе болады. Ең бастысы телевидение түсіреді екен!" деп қойсаңыз болды осы екеуінің сол жерден табатындығына мен бәс тіге аламын. Жә, қойшы, екі "жұлдыздың" әңгімесін тыңдайық.
-Әйгерім, сен су қоймасына барасың ба?-деп бастады әңгімесін Еспанов.
Е, бұл жарықтықтар суға кетіп жатқан елдің қамын ойлап, су қоймаларынан репортаж берейін деп жатқан болар деп мен отырмын.
-Әрине, барып жүрмін,-деді Әйгерім майысып,- Онда жиі барып тұрған пайдалы. Денеңе тұз жиналмайды!
Қараң қатқырлар-ай! Бассейнді айтқылары келіп отыр екен ғой. Қой, бір қателескендері осы шығар. Одан да "су қоймасында" тұз жиналмайтын сюжетті көрейін. Күтіп отырмын. Сюжет жоқ. Орнына басқа бірдеңе кетті. Шатастырды.
Бір мезетте екеуі қайта пайда болды.
-Нұрлан, сен білесің бе, Қазақстанда 150-ден аса ұлт өкілдері тұрады,-деді Әйгерім.
-Білмегенде,-деді Нұрлан,-Тіпті сол 150 ұлттың 150 түрлі шәй ішетінін де білемін. Қазір ғаламтордан тапқан сол мәліметті көрермендерге көрсетеміз...
Екі "жұлдыз" жоқ болды. 150 түрлі шәй ішетін қазақстандықтар туралы сюжетті күтіп мен отырмын. Бір кезде отбасы жайлы сюжет басталды. Шай да жоқ, май да жоқ! Тағы да шатастырды.
...Баяғыда ауылда алтын тіс салдыру сәнге айналғанда, менің бір жеңгем жұрттан қалмай қымбат металлдан екі тіс салдырған екен. Өзі дүкенде сатушы болатын. Жаңағы алтын тіс шіркіндер тек қатты ыржиғанда ғана көрінеді екен. Жұрттың мақтауын күте-күте шаршаған жеңгеміз, күйіп кетіп, дүкеннен үндінің шайын сұрағандарға "ШАЙ ДА ЖОҚ, МАЙ ДА ЖОҚ!" деп езуі жыртылардай ыржиыпты. Сол кезде алтын тісі жарқ ете қалып, көптен күткен "комплиментін" естіп, көңілі орнына түсіпті. Мыналар да солай істеп жүрген жоқ па? Шайды қойшы, мыналарың жоғарыдағы мұрты бар, мұрты жоқ бір кісілерді шешеден боқтап жіберсе де ешкім байқамайтын сияқты ғой...




Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады