Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.70
EUR / KZT - 348.20
CNY / KZT - 45.10
RUB / KZT - 5.49

ҚАШҚЫНБАЙ КӨКЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

15 Сәуір 2014, 15:43
0

 Біздің бала кезімізде ауылға тілші келіпті десе ел дүрлігіп қалатын. Бастық біткен шыттай киініп, құда күткендей тілшінің жолын тосушы еді. Кем-кетiгiн қанша жасырса да ана шіркіндер байқап қойып, газеттеріне көлдей мақаланы жариялап кеп жібергенде, талай бастықтың тоңақалаң асқанын естіп өстік. Журналист мәртебесінің ел арасында қандай биік болғандығының шет жағасын өзіміз де көріп қалдық. Иә, көріп қалдық. Қазіргі журналистика, әсіресе қазақ журналистикасын мен өз басым кейде азусыз көкжалға ұқсатамын. Аты дардай, бірақ ешкім ықпайды...Айбат шегеді, бірақ онысын ешкім елең қылмайды да...Айта береміз, айта береміз, бәрібір айдалаға кетіп жатыр. Енді әр сөзіңе жауап беретін, сын мақала жазуға жүрексінетін, шулы репортаж жасауға ешкімнің дәті бармайтын Заң қабылданар болса "азусыз көкжал" деген теңеуге де зар болып қалар ма екенбіз?..

...Сол бала кезімізде біздің ауылда Қашқынбай деген учаскелік милиция болды. Өзі өте жуас еді жарықтық. "Мелитса" десе безіп кететін балалардың өзі Қашқынбай көкемді көргенде айналсоқтап жанынан шықпай, шиқылдап күліп жүргендері. Ересектер тіпті адам қатарына қоспайды. Жүздетіп алғандар мелитса көкемнің жанынан әдейі теңселіп өтетіндерін қайтесіз! Сондай күндердің бірінде аузы құрғамайтын Мұрат жездеміз түн ортасында ауылдың орталық көшесімен тәлтiректеп келе жатады. Айсыз түнде алдынан шыға келген Қашқынбай көкем мен Мұрат жездеміз соғылып қалады ғой. Милиция формасына көзі түскен Мұраттың есі шығып кетеді. "Біткен жерім осы" деген ойдың қылаң бергені де рас. Сәлден соң көкеміздi танып, айқай салыпты дейді.
- ӨЙ, ӘКЕҢНIҢ... ЖҮРЕКТI ҰШЫРЫП. .. МЕЛИТСА ЕКЕН ДЕСЕМ, ҚАШҚЫНБАЙ ЕКЕНСIҢ ҒОЙ. ..
...Несін жасырайын, кәзір кейде өзімді Қашқынбай көкеме ұқсата беремін. Мені де біреу дәл солай боқтап жіберетіндей...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай