Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.95
EUR / KZT - 408.73
CNY / KZT - 51.80
RUB / KZT - 5.87

Иваннан қорқатын Қажымұқан ба, әлде біз бе?

22 Шілде 2014, 14:43
0

 Қайран, Қажымұқан бабам-ай! Ана бір жылдары өзің жайлы кино түсіріп бір күлкіге қалып едік. Орыс аюының қасында қонжықтай майпаңдатып, Поддубныйдың қолбаласындай жалпаңдатып қойған қойған образыңды көріп бір жүрек ауырып еді сол кезде. Оны да кеңестік идеологияның кесірі ғой деп жылы жауып қоя салдық. Енді міне, тағы... «Ұлы» көршіміз түсірген, қазір прокатта жүріп жатқан «Иван Поддубный» фильмінде орыс палуаны түріктің Хаджимуканын басынан айналдыра жерге қадап, жұлынын үзіп жіберді...

Атамыздың түрік палуаны атанғаны рас. Аты-жөні де келіп тұр. Тек, Поддубныйдан мұндай масқара ұтылған жері жоқ еді ғой. Орыс режиссері мен сценаршысы әдейі істемеген күнде, Қажымұқанның қазақ екенін, олардың Ивандарының өзі біздің батырымыздан ығып жүргенін білуі тиіс еді ғой. Ресей қазір кез-келген нәрседен ұлттық идеология жасауға кірісті. Онысы жап-жақсы жүзеген асып жатыр да. Есенинін де, Высоцкийін де, тіпті хоккейші Харламовын да орыс патриотизмінің туын желбіретуге пайдалануда. Енді атақты палуан Иван Поддубный аталған фильм арқылы сол миссияны жалғастыруда. Өткенде бір қазақстандық режиссер Қажымұқан жайында сериал түсірмек дегенді көзім шалып қалып еді. Ол қалай түсірер екен? Батыр бабам Ивандарды боз кілемде илеп тастар ма екен? Әлде, халықтар достығына сызат түсірмес үшін жығыла салады ма?..


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай