Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.11
EUR / KZT - 394.65
CNY / KZT - 50.46
RUB / KZT - 5.81

Құлагерді құлатқан кім?

28 Тамыз 2014, 14:21
0

Тарих тек қана шындықпен жазылады десек қателескен болар едік. Біз оқып жүрген әлем һәм қазақ тарихының қаншасының рас немесе жалған екендігі бір Аллаға ғана мәлім. Себебі мінсіздікке тек Алла тағала ғана лайық. Бұдан біраз жыл бұрын баспасөз беттерінде әйгілі «Тынық Дон» романының авторы Михаил Шолохов емес деген пікірталас шаң берген еді. Бұл дауды сол кезде жазушы шығармасымен іштей бәсекелес адамдардың қасақана ұйымдастыруы әбден мүмкін.

Тарихта шын кейіпкермен қатар жалған кейіпкерлер де өмір сүреді. «Шындық иіледі, бірақ ешқашан да сынбайды. Майдың су бетіне қалқып шығатыны сияқты өтіріктің бетіне қалқып шығады» – дейді әйгілі Сервантес. Рас, шындықтың аты шындық оны ешкім де бүркемелеп тұра алмайды. Уақыты болғанда өтірікті тас-талқан етіп жарыққа шығады. Ғасырлар бойы құпиясын ішіне бүгіп келе жатқан ақиқаттар бүгін айтылып жатыр. Тарихта кез келген саяси қайраткердің тағдыры таразыға тартылып, күнгейі мен көлеңкесі сөз болмай қалмайды. Кешегі Сталин, оны айтасыз күллі Кеңес Одағы құдайдай табынған Леннинің өзі бүгін іске алғысыз болып қараланып жатыр дегенге адам нанғысы келмейді. Ленин де пенде, оның да қателігі болады деген көзқарас бұрынғылардың қаперіне де кіріп шықпады. Оны мінсіз, ерекше жаратылыс деп таныды. Тіпті былай елестетуді өздеріне ауыр күнә секілді сезінді десек артық айтқандық емес. Олай болса, уақыт талабын бұрмалауға һәм әмірін жүргізуге ешкімнің де құзіреті жетпейді.

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Ал тарих шындықты жасырып қала алмайды.

Соңғы кездері қазақ баспасөз беттерінде шындық пен жаңсақты бір-бірінен ажыратып алуға ниеттенген бастамалар жиі жазылып жүр. Әйгілі «Дудар-ай» әнінің төңірегінде де қызу пікірталас болды. Осы уақытқа дейін бұл ән Мариям Жагорқызының атына телініп келген еді. Нәтижесінде ән авторының Үлебай екендігі нақты деректермен дәлелденді. Біз мұны белгілі музыка зерттеушілерінің қызу таласының арқасында ғана біліп отырмыз. Әйтпегенде Үлебай есімі бүгінгі ұрпағымен қайтадан табыса алар ма еді?

Тағдыр жүйрік пен талантқа іштарлық жасап, қыранды қарғаға неге қор етеді екен. Тарихта Моцартты – Сальери, Пушкинді – Дантес, Қозыны – Қодар, Төлегенді Бекежан өлтірді дейміз. Қазір халық арасында қағазға түскен Қозы Көрпеш Баян сұлу мен Қыз Жібек жырының бірнеше нұсқасы (варианты) бар. Оның бірінде Төлеген өлдіге саналса, бір нұсқасында өзгеше баяндалады. Мәселен, ең білгір деген тарих мамандарымыз Төлегенді өлтірген Бекежан емес, Қарабалта деген қаныпезер, қарақшы деп қаншалықты дәлелдесе де жалпақ жұртты сендіре алмады. Өйткені ғасырлар бойы халық санасына біте қайнасып, сіңісті болып кеткен дүниені бір-ақ күнде өзгерте салу оңай шаруа емес. Ол үшін сандаған жылдар керек.

Дәл осы тақылеттес оқиғаның бірі Ақан серінің Құлагеріне қатысты айтылады. Бұл дау 1986 жылы тұтанған еді. Сол жылғы «Жұлдыз» журналының №6 санында қазақ әндерінің шығу тарихын бір кісідей жетік білетін жазушы, белгілі сазгер Ілия Жақановтың Құлагер өліміне қатысты мақаласы жарияланған болатын. Мақала «Желтоқсан оқиғасы» деп аталатын дүрбелең жылдармен тұспа-тұс келгендіктен, әрі ел өміріндегі саяси өзгерістерге байланысты жалғасын таба алмай қалды. Содан кейін бұл тақырыпқа қалам тартқан бірде-бір адам болған жоқ. Құлагерге қатысты пікірталастың жалғасы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана жазыла бастады.

Ақан серінің кісі қолынан мерт болған арғымағы жайлы трагедиясы бізге Ілияс Жансүгіровтің поэмасы арқылы жетті. Бұл қазақ тарихында Құлагерге қатысты тұңғыш рет жазылған әдеби, тарихи еңбек болатын. Ол асқан шеберлікпен жазылғандықтан, миллиондаған оқырмандардың жүрегінен орын алды. Әрі барша жұрт Ілияс Жансүгіров келтірген деректерге риясыз сенді. Оған себеп болған шығарманың әдеби көркемдігі еді. Поэма соңында Құлагер күншілдіктің қолынан мерт болады. Нәтижесінде Ереймен жеріне үш жүз түгел шақырылған Керей Сағынайдың асында Ақанның Құлагері қаза тауып, 350 аттың ішінен Батыраштың Көктұйғыны бірінші келеді. Осы тұсқа келгенде оқырман Ақан серімен бірге қайғырып, бірге жылайды. Амалыңыз бар ма, қазақ поэзиясына тыңнан сүрлеу салып, бұрын-соңды тарихымызда болмаған мұндай шедевр еңбек қалдырған Ілиястың өзі де Құлагердің аяғын құшып адам қолынан мерт болды.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай