Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Керім-ау айдай, кермаралдай...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Керім-ау айдай, кермаралдай... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Ауылдан 11 жыл бірге оқыған кластасс қыз келген. Сол мен бір аспанды тіреп тұрғандай жұмыс тауып бер дейді. Тауып бердім. Бірақ ешқайсысының реті келмейді. Біреуін істей алмайды, енді біреуін істегісі келмейді. Қалаған уақытында барып, қалаған уақытында кетіп қалатын оңай жұмыс керек екен. Және табысы жақсы болса дейді. Айналайын-ау, ондай жұмыс болса өзім-ақ істер едім ғой. Содан ойланып отырып әнші бола салшы дедім... Аз-кем даусы мен бірқарарлық түрі бар еді. Содан кейінгі әңгіме-жоспар былай өрбіді.

***

Кәуменоваға көйлек тіктіреміз. Кенжебекке шашыңды жасатамыз. Ұлықпан Жолдасовтан бір ән, Нұрлан Еспановтан бір ән аламыыз. Сөзін Талантқа айтып жазғызамыз. Жоқ, қазір Ринаттың сөздері өтімді. Мейлі екеуінің біреуі. Аранжировкасын Арман Бексұлтанға жасатамыз. Әнді "Мұзарттың" студиясында жаздырамыз. Клипті өзбекстанда түсіреміз. Клип дайын болғанға дейін "Саз әлеміне" қатысып, үшінші орын алуымыз керек. Әрине "жаңа есім" айдарымен "Жұлдыздар отбасына" сұхбат беруіміз керек. Так сен дұрыс сұхбат бере алмайсың. Сұхбатты мен бере саламын. Жоқ, сен журналистке айт, "сіз маған сұрақтарыңызды жіберіңіз, мен сізге жазып берейін" де. Қалғанын өзім қатырамын. Сұхбат ерекше болуы керек. Сонда оқыған адамның есінде қалып кетесің. Сұхбат қай жағынан ерекше болу керек? Тааак... Былай істейміз. Қазір екінің бірі "өнер нағашы жұртымнан қонған, өз жұртымда құр қол емес, апам марқұм жиын-тойларда суырып салып ән айта берген екен, атам домбыра шерткен" деп жауап бере береді. Сен де солай істесең, көптің бірі болып қаласың. Сен олай етпеуге тиіссің Сен "менің нағашы жұртым да, өз жұртым да өнерлі адамдар емес. Ваще та біздің әулетте өнерлі адам болмаған" деп жауап беру керексің. Сонда ерекшелеу болады. "Өнер маған ғарыштан бір тылсым күш арқылы" берілген деу керек шығар мүмкін. Жәрайды оны сол кезде көрерміз. Сосын жұрттар құсап "мектеп кезінен бастап үйірмелерге қатысқам, барлық кештерде ән салатынмын" дегеннің де қажеті жоқ. Бұған да кері жауап берілуі керек.

Ән сөздеріне де назар аударуға тиіспіз. Біз өзі лирик халықпыз. Аянышты, зарлы ән өтімді. Өзі жылап жүрген халық өз қайғысы аздай біреудің мұңын арқалағысы келіп тұрады. Осы ескерілуі керек. "Көз жасым көлден асып, теңіз болды, Кемесін махаббаттың жүздірейік" деген сияқты жолдар табуға тиіспіз. "Сен емес, ән екен ғой жан емдеген, Кездессең сүйгенімді дәлелдер ем. Сен мені тастап кеткен күннен бастап, Басқаша қарап жүрмін әлемге мен" деген сияқты тағдырлы жолдар керек. Жәрайды, Талант өзі табады. Бірінші ән осылай болуы керек. Ал, екінші ән қайғырып шаршап жүрген халықты серпілту керек. "Дүние өтер кетер, көріңдер де тұрыңдар, ертең өлеміз де қаламыз, тірі жүрміз бе, онда ойнап күлейік" деген мағынаны жеткізу керек. Бұл той тартатын ән болады.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.




Join Telegram