Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.35
EUR / KZT - 405.46
CNY / KZT - 51.64
RUB / KZT - 5.87

Лифт

12 Қыркүйек 2014, 11:26
0

Қапырық, ыстық темір жәшіктің ішінде төрт адам терлеп-тепшіп қысылып тұрмыз. Тоғыз қабатты жаңа үйдің орта тұсында тоқтап қалған лифтің ішіндегі үш еркек һәм ішінде жеті айлық баласы бар жүкті жас әйел не істерлерін білмей жоғары-төменнен ашқарақтана дыбыс күтеді.

Тым-тырыс. Сәлден соң әзіл-шыны аралас түрде өзіміз қонаққа келе жатқан, "Астанадан пәтер алғанның жөні осы екен деп үйдің төбесіне шығып алған" досымызды мазақтай бастадық. 15 минут дегенде мана ғана домофон арқылы подъезден кіргізіп алған досымыздың үні естілді.

- Ойбай, қайдасыздар?

- Мұндамыз?

- Әкесінің аузы, мына оңбаған лифт тағы тоқтап қалған ба? Неге звондамадыңыздар?

- Бұл тік төрт бұрышты табыттың ішінде телефон сигналы ұстамайды екен, кешірерсің!

- Ана қоңырау кнопкасын бастыңыздар ма?

- Баспақ түгіл, саусағымыз сынғанша әлі жаныштап тұрмыз. Ешкім "әу" демейді.

- Ой, әкесінің! Мен қазір.

Шілденің ыстығы мен ұзақ тұрып қалғаннан жүкті әріптесіміздің көзі қарауыта бастады. Бақсам, Қытайда жасалған лифтің саңылауы көп болады екен. Төменгі жағы сәл салқындау сияқты. Аяқ киімімді шешіп болашақ ананы үстіне отырғызып қойдым. Қалғанымыз терге малшынып тұрмыз. Сатып алған тортымыз қисайып, гүліміз сөлбірейіп қалған. 15 минуттан соң досымыз біреуді алып жетті.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай