Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Ырым-тиым һәм «жаман боладының» кері

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Ырым-тиым һәм «жаман боладының» кері ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 Қысқасы, қазақтың ғайыпқа деген сенімінің бір бөлшегі боп табылатын ырымдар осы күні негіздісі бар, негізсізі бар, “жалпыадамзаттығы” бар, ұлттығы бар, аймақтық, тіпті жеке үйішілігі бар, тарихиы мен инновациялығы бар барлығы мидай араласып кетті. Әлі де бүгілмеген саусағыңыз болса, фен-шуйды, Правдинаны және жұлдыз-жорамалды қосамыз.

Басқаны қайдам, өзімнің ырымшылдығыма едәуір әсер еткен нәрсе 90-жылдардың басындағы “Арай”, “Қазақстан әйелдері” секілді журналдар мен “Мыңнан бір мезет” секілді қосымшалар болды. Оқып алған нәрсені дереу “практиковать” ете бастайсың. Мысалы, ең көп “жүзеге асырған” “жырымым” – егер бір жаққа шығып бара жатып, әлденені ұмытып үйге қайта кірсең, міндетті түрде айнаға қарауың керек, әйтпесе жолың болмай қалады. Міне, әйтпесе! Естігенім емес, оқығаным. Дәу де болса, аты аталған басылымдардың бірінен. Әлгі болмағыр сенімнің жүрегімнен қай уақытта сыпырылып түсіп қалғаны есімде жоқ, бір білетінім соны дап-дардай болғанша аянбай атқарып жүрдім.

Қойшы әйтеу, күндердің бір күнінде алғашқы мүшелге де толдық. Тола сала ырымның астында қалдық. Ішінен іріктеп алғанымыз – тәуір киіміңді біреуге беруің керек және өзіңнің бойыңдай қара матаны алысқа апарып тастауың қажет. Тоқсаныншы жылдардың соңы ғой, тәуір киім өзімде де болмаған болу керек, бірақ қара мата табылды ғой деймін. Кейін білдім, кісі бойындай қара мата көрші Диля тәтенің идеясы екен. Ұйғыр халқының ұмытыла бастаған ырымы көрінеді.

Қалаға келдік. Ауылдан келетін әр туысты асыға күтетінбіз. Күндердің келетін делегацияның басты миссиясы оқу фронтын қаражатпен және сары май, құрт, варенье секілді оқ-дәрілермен қамтамассыз ету ғой. Бір күні тылдан келетін негізгі көмектің бірі сары май күрт тоқтады. Түркістаннан келген құдалар айтты, «жолға сары май алып шығуға болмайды екен» деп түсіндірілді бізге. Неге екенін ешкім сұрамапты, ешкім айтпапты. Сірә, жаман болатын болу керек.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...




Join Telegram