Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

...Қалғаны – жай ғана құм ғой

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ ...Қалғаны – жай ғана құм ғой ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Профессор философия сабағына ерекше бір көрнекті құралдармен келеді. Алдымен бос ыдысты гольф допшаларымен толтырады да студенттерден сұрайды: «Ыдыс толды ма?». «Толды» дейді, олар. Профессор оның үстіне қойдың құмалығындай ғана ұсақ тастарды төгіп, ыдысты сілкілегенде гольф допшаларының арасындағы ашық жерлерді толтырады.

Сұрақты қайталағанда, студенттер де бір дауыспен келісті. Ендігі жолы профессор үстінде құм құяды. Әрине, қалған бос орынды құм толтырады. Студенттер онымен де келіседі. Профессор енді екі стакан кофе шығарып келіп әлгілердің үстінен құйғанда ыдыс шынымен толды. Студенттер жамырай күлді.

«Иә, шырақтар» деп сөзін бастаған профессор «Бұл ыдыс – өмір. Ал, гольф допшалары – адам баласының сенім-нанымы, діни көзқарасы, отбасы, бала-шағасы, денсаулығы, дос-жарандары. Басқаны жоғалтсаң да бұларды сақтау керек. Сонда ғана өмірің болып-толып тұрады. Ұсақ тастар – кәсіби қызметің, баспанаң, көлігің секілді мүліктерің. Мына құмға келсек, оның маңызы шамалы ұсақ-түйек нәрселер. Егер ыдысқа алдымен құмды құйсақ, тастар мен гольф допшаларына орын болмай қалады. Өмірде де солай.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...




Join Telegram