Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 335.24
EUR / KZT - 395.82
CNY / KZT - 50.65
RUB / KZT - 5.82

Біз неге молшылықта өмір сүруге ұмтылмаймыз?

21 Қазан 2014, 13:37
0

Бауырлар! Өлімнен өмірдің, қарттықтан жастықтың, кедейліктен байлықтың жақсы екенін бәріміз білеміз, ә? Ендеше біз неге бай, бақуатты болып, молшылықта өмір сүруге ұмтылмаймыз?

Неге біз Таяу Шығыс, араб елдері тұрғындары секілді өз біліміміз, ақылымызбен мол табыс табуға ниет етпейміз?

Денің сау болып, рухани бай, әлем елдерін еркін аралап, достарың және отбасыңмен бірге қаржылай тәуелсіздікте, бақытты өмір сүруге қол жеткізуден басқа адам баласында қандай арман бар?

Қазақ азаматтары, әсіресе жастар біз кімнен кембіз?

Жаздың аптап ыстығында, қыстың қақаған аязында базарда отырған кім? Біз. Жұмыссыз жүрген кім? Біз. Жұмыс болса, жартымсыз айлыққа жармасып, күн көріске не жетіп, не жетпей жүрген кім? Біз.

Баламызды оқытамыз немесе үйлендіреміз деп банктен несие алып, мойнына қарыздың қамытын іліп алып жүрген кім? Біз.

Жоғары білім алып, жұмыс таппай сансырап жүрген кім? Біз.

Үйленіп алып, жалдамалы пәтерден пәтер ауысып, жетім бұрыш жағалап жүрген кім? Біз. Осылай жалғаса береді айта берсе...

Біз деп отырғаным, біздің қара көздер. Жалпы барлығымыз осындаймыз деп айтудан аулақпын, бірақ бұл көпшілігімізге тән нәрсе екені анық.

Қазіргі кезеңдегі технологияның дамыған тұсында интернет арқылы үйде отырып-ақ бизнес жасаудың түрлері мен әдістері баршылық. Алайда, жастардың көбісі сол мүмкіндікті пайдалану орнына ұялы телефонда уақытының көбісін босқа өткізіп жүр. Интернет арқылы бизнес жасау жолын есітіп, біліп жүрсе де құлық танытпайды немесе сенбейді, айналысқылары келгендері оның құралдарын толық меңгере бермейді немесе қаржы салуға мүмкіндіктері жоқ.

Жылдан жылға күн көріс қымбаттап, қаржы дағдарысы ұлғайып келеді. Күн өте береді, көзді ашып жұмғанша еңбек етуге болатын 40 жылда, одан кейін табысыңның 40 пайызын ғана төлейтін зейнет жасы да, одан кейінгі 40 жыл зейнетақыңды жеткізе алмай итшілеп өтетін өміріңде жетіп келеді.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай