Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.70
EUR / KZT - 380.77
CNY / KZT - 48.41

Ресей ақпарат айдынын тазалап жатыр, біз ше?...

04 Қараша 2014, 09:25
0

 Баспасөзге жазылу басталып кетті. Бірақ бұрынғы абыр-сабыр науқан жоқ. Мерзімді басылым да азайған. Кітап дүкеніне кірсең, қазақшаны ілу де бір естисің. Қазақ қоғамы қазір оқуға енжар. Содан шығар, сауатсыздық басым. Бір әкім ТМД-ның толық нұсқасын «Туысқан мемлекеттердің достастығы» деп жазыпты. Сая­си әдебиетті былай қойғанда, мерзімді басылымнан да мақұрым екені көрініп қалды. Таяуда қазақша уикипедия Тәкен Әлімқұлов хақында мағлұмат берді. Бірақ сын саңлағының кітабын көрмесе керек, әйтеуір, суретіне келгенде оңбай шатасты. Басқа бір әдебиетшінің бейнесін жариялады. Ал атышулы тест сынағы кезіндегі талдырып түсіретін «сауатсыздық сюрпризі» ұзақ әңгіме.

Басқалар олай емес. Газеті мен журналын, кітабы мен дәптерін дәріптейді. Біз сияқты «XXI ғасырда қағаз газет пен қағаз кітап өткеннің елесі. Өркениетке қол созып, жаппай электрондық оқуға көшейік» демейді. Алысқа бармай, терістік көршімізге көз салсақ, жетіп жатыр. Украина қақтығысы ақпарат құралдарының, соның ішінде мерзімді басылымдардың қаншалықты қуатты идеологиялық құрал екенін тағы да дәлелдеп берді. Ресей билігінің хабар-ошар құралдарына қамқорлығы, әділін айту керек, біздің билік үлгі аларлықтай игі. Биыл «Аргументы и факты» газетінің басына қара бұлт үйірілді. Қарызы 2 млрд рубльге жеткен. Оның 1 миллиарды несие деседі. Басылым банкротқа ұшырай жаздады. Әйтеуір, Мәскеу мэриясы дер кезінде қол созып, газет қаланың меншігіне көшті. Мәртебесі өзгерген жоқ. Сол бұрынғыдай – Ресейдің барлық аймағы мен шетелге тарайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай