Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 330.29
EUR / KZT - 387.27
CNY / KZT - 49.80
RUB / KZT - 5.56

"72 сағатта үйлену" фильмін кинодан алыс адамдардың түсіргені көрініп тұр

19 Ақпан 2016, 21:43
2

Қазіргі қазақ баласында екі арман бар. Бірі боксер болу ("Жол", "Шлагбаум"), екіншісі (және негізгісі) байдың қызына үйлену. ("Свадьба на троих", "Побег из аула", "Рэкетир-2" , "Потому что шымкентский"...). Кейде маған қазақ киносында тақырып қалмаған сияқты.

Еркебұлан Жолдасовтың "72 сағатта үйленуі" де жаңа ештеңе ұсынған жоқ. Ауылдың баласы қаланың қызына ғашық, қыздың әкесі қарсы, тағы да басқа, тағы да сол сияқты. Жігітті қыз қып киіндіріп таңқалдырам деді ме? Әншіні киноға түсіріп шалқамыздан түсірмек болды ма? Түсінбедік.

Ең алдымен көзге ұратыны кинодан өзбектің иісі шығады. Кинода іріленіп кететін "ұсақ түйектен" бастайық. Біріншіден, талғамсыз саз, бір сәтке де тыншымайды. Екіншіден, жағымсыз дубляж құлақ етіңізді жейді. Грим ешқашан да қазақ киносының мықты тұсы болмап еді. Бірақ мұндағы Бақыт (Ж.Аупбаев) та, оның ғашығы Айгүл де (Д.Абдуллина), анау достары да қи жайылған ауылда жүргенімен шаруасы жоқ, беттерін он қабат опамен тегістеп, клипке түсетіндей жылтырап алған.

Жалпы, басты рольдегі азамат пен азаматша әдет бойынша өздерін клипте жүрміз деп ойлап қала береді. Бет қимылдарының бәрі шартты."Қыз әдемілігін бүлдіріп алмау үшін осылай жылау керек", "жігіт өкінген кезде өститін шығар» деген сияқты, адам эмоцияларына қарабайыр пародия. Олардың айналасындағылар (достары, ата-әжелері) тіпті басқа театрдан. "Бауыржан шоу" ма, "Тамаша" ма, сондай заманы өткен бірдеңе.

Оның бәрін қойшы, сюжет желісі шикі. Актерлер түгілі режиссердің ойында кейіпкерлердің өмірбаяны жоқ, кім, не істеп жүр, бұлдыр. Кішігірім көріністің өзін алыңыз. Бақыт қаладан келіп, ауылдың сыртындағы төбешікте қайғырып отыр. Қолдарын ербеңдетіп үш жігіт келеді ескі көлікпен. Қайдан келе жатқан адамдар? Неге дәл сол төбенің басында қарсы алды? Біз түгілі режиссердің өзін қызықтырмайтын сияқты. Бақыттың үйінде биік қақпа да емес, белден келетін қаша бар. Сол қашаның сыртында тұрғандар іштегілерді көреді де, іштегілер сырттағыларды көрмей қала береді. Тура жанына келгенде: "Өй, сен неғып жүрсің?". Немене бәле? Соқыр ма бәрі? Близорукий ме? Тағы да режиссердің көрініс құра алмайтыны. Осылай, әр көріністі жіктеп айта беруге болады, оған уақыт қайда.

Оператор Дильмурат Турдыматов деген ағайынның бейнеклип түсіріп дағдыланып қалғаны аңғарылып ақ тұр. Сосын, әдеттегідей диалог мәселесі де ақсап жатыр. Қай тұсында күлу керектігін білесің, бірақ күлкің келмейді. Кілең бір ескірген, жұмыс істемейтін шаблондар.

Жалпы, оқиғаның өзі жасанды. Жігіттердің қыз іздегені "киномыз созыла түссін" деген еріншектік. Досының атасы үшін құрбандыққа барған Пішән, қалайша өз шешесіне ләм демей жоғалып кетеді? Айгүлдің әкесі кенеттен қалайша жіби қалды? Милиция неге жалған тойды қылмыс құсатып әшкерелейді? Бақыт неге шешуші сәтте үндемей тұрады? Әрекеттерінде логика жоқ. Кейіпкерлерін өзге түгілі өздері түсінбеген соң, актерлердің қылықтары да өлі балық ұстатқандай сұлық. Бір сөзбен айтқанда, "72 сағатты" кинодан алыс адамдардың (Құдай біледі, 72 сағатта) түсіргені көрініп тұр. А, иә, құттықтауға да болады: бұл потенциалмен "Меломен" тобын өмір бақи клиппен қамтамасыз етуге болады.


Нравится
Поделиться
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай