Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

АҚШ-қа барғанда не білу керек? Бастысы Борат болмау - 2

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ АҚШ-қа барғанда не білу керек? Бастысы Борат болмау - 2 ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Бірінші блогымда мен Америкаға барғанда бірінші кезекте нені білу керек екенімізді айта бастаған едім. Бүгін осы тақырыпты тереңірек қаузап, сіздерді осы елмен жақынырақ таныстырғым келеді!

1. Газондар. Әдетте Қазақстанда әдемі әрі күтіп өсірілген жазық шөпті байқасақ, "Басуға болмайды!" деген тақтайшаны көреміз. Ал АҚШ-та керісінше. Саябақтағы көк шөптің үстінде жатқан адамдарды көрсеңіз таңғалмаңыз. Тыныстағыңыз келсе, еш уайымсыз жата беріңіз. Ашық аспан астында тамақтанғыңыз келе ме - қош келдіңіз! Мұндай әдет жастарға ғана тән емес, костюм киген іскер ер адамдар мен әйелдерді де көресіз. Басқаша айтқанда, жатып, мызғып алу немесе кітап оқу қалыпты жағдай.

2. Америкадағы сауданың ерекшелігі - көпшілік штаттарында сатып алуға 5-12 пайыз аралығында салық салынады. Ал дүкендерде тауар бағасы салықсыз көрсетілген болуы мүмкін! Оның қорытынды құнын кассада ғана көре аласыз, сондықтан қорытындысында чегіңіздегі сома ойлағаныңыздағыдан артық болса таңғалмаңыз. Әр штатта салық салу пайызы мен жүйесі әрқандай. Егер Монтанада sales tax 0 пайызды құраса, Калифорнияда 10 пайыз қосылуы мүмкін. Ал бензин құю орындарында ғана баға салықпен бірге есептеліп көрсетіледі. Бұған дереу үйрене салу қиын, бірақ бір пайдасы - қанша көлемде салық төлейтініңізді дәлме-дәл біліп отырасыз. 

3. Мекемелердің басым бөлігінде сусын лимитсіз. Сіз тапсырыс беру алдында суды тегін іше аласыз. Ол есебіңізге қосылмайды. Ал егер бір порция кофе немесе шай тапсырсаңыз - қосымшасы тегін болады, ал егер даяшы стаканыңызды толтырып бергелі жатса қарсы болмаңыз. Айта кетейін, кафелер мен мейрамханаларда порциялар өте үлкен болып шығады, сондықтан көбісі бір тамақты екі адамға ала салады. Бұл елде көбінде буфет-мейрамханалар танымал, онда сіз бекітілген соманы төлейсіз де (мысалы шамамен бір адамға 20 доллар), қалағаныңызды жеп, қалағаныңызды іше аласыз. 

4. "Қал қалай?" деген сұрақты сізге кім көрінген қоя береді - көшеде, супермаркет кассасында, кафеде. Америкалықтар үшін бұл сөз "Сәлеметсіз бе" деген сөзбен бірдей мағынада қолданылады. Әрине, бұл сұраққа жағдайыңыздың шын мәнінде қандай екенін айтып, жауап берудің қажеті жоқ. Бөтен адаммен көшеде көз түйістіріп қалсаңыз күлімсіреуіңіз керек, бұл әрекет мұнда әдебіңіздің нормасы іспетті. "Рақмет", "Кешіріңіз" және "Күніңіз жақсы өтсін" деген сөздер мұнда кең қолдынаста. Күніне бұл сөздерді жүз рет естуіңіз де мүмкін. 

5. АҚШ-та өлшеудің өз жүйесі бар. Америкалықтар есептеудің ағылшын жүйесін қолданады, бұл өлшем бірлігі ешбір елде қолданлмайды (Тіпті Англияның өзінде де). Қашықтық мұнда мильмен есептеледі, салмақ - фунтпен, температура - Фаренгейтпен, сантиметрдің орнына дюйм, ал литрдің орнына - галлон. Адамдар бастапқыда шатасады. Қазақстанда немесе ТМД елдерінде мерзімді бірінші кезекте күннен, содан кейін ай мен жылды көрсетсек, мұнда бірінші айды, сосын ғана күнді атайсыз.

6. Америкадағы дәріханалар - бұл күндіз-түні жұмыс істейтін ірі супермаркеттер, онда қалағаныңызды сатып ала аласыз. Дәрімен қатар, мұнда киім де, опа-далап та, тіпті техника да сатылады. Медициналық препараттарды мұнда сізге дәрігердің нұсқауымен ғана сатады. Ал алты градустан асатын алкоголь сусындарын арнайы дүкендерден сатып алуыңыз керек - liquor stores. Мұнда да 21 жастан асқаныңыз көрініп тұрса да, жеке куәлігіңізді талап етеді. 

7. АҚШ-тағы жануарларға деген қарым-қатынас - ерекше, мұнда барлығы жануарларды жақсы көреді. Америкада итті немесе мысықты асырап алғыңыз келсе, жануарды асырауға жағдайыңыздың барын және ол үшін жауапкершілікті арқалайтыныңызды дәлелдеуіңіз керек. Үй жануарына міндетті түрде медициналық сақтандыру мен куәлік ашасыз. Ал қандай да бір себеппен жануарды қайтарып беруіңіз керек болса - оның тамағына, медициналық қызмет ақысына өзіңіздің қалтаңыздан шығындаласыз. Көптеген қалада итке арналған алаңдар болады, онда жануарыңызға су мен тамақ береді, егер жануарыңызбен бірге саяхатқа шықсаңыз, осындай алаңдарды тауып алыңыз.

8. АҚШ-та ағылшын тілінде сөйлеуден қорықпаңыз. Сөзіңіздегі қателерге мұнда ешкім де назар аудармайды. Америка - эмигранттардың елі, сондықтан қайда жүрсеңіз де мұнда түрлі сөйлеу мәнерін естисіз. Бұл қалыпты жағдай. Оның үстіне шет тілінде сөйлеуге қиынсынғаныңызды көргендер сізге мақтау сөзді көп айтады. Америкалықтарда small talk деп аталатын әңгіме түрі бар: сіз қарапайым және күрделі тақырыптардағы әңгімеге сөйлесесіз. Сондықтан бұл елге келгенде бөтен адамдармен сөйлесуден қашпаңыз. Сіздің сөзіңізге әрқашан қолдау айтатындар табылады, ал өзіңіз бұл арқылы сөйлеу машығыңызды жетілдіріп аласыз!

Майя Сапарова




Join Telegram