Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Журналист Седовтың қылығы жайлы: Бұл алдын ала ойластырылған наразылық акциясы

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Журналист Седовтың қылығы жайлы: Бұл алдын ала ойластырылған наразылық акциясы ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Соңғы күндері маған бірнеше адам қазақстандық ауыр атлетикада болып жатқан оқиғаларға байланысты хабарласып жатыр. Мен өзімнің блогымда бұл туралы асықпай жазамын деп жоспарлап жүрдім, бірақ екі турнирге дайындық басталып кеткендіктен, уақыт тапшы. Сенбі күні мен батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйеніп, Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильин туралы жазған болатынмын. Сол күннен бастап ештеңе өзгерген жоқ, барлығы "Б" сынамаларының қорытындысы мен ресми шешім, мәлімдемені күтіп отыр. Енді ресми шешімді күту керек.

Владимир Седовпен болған дау жайлы. Осыдан бір ай бұрын Седов Азия чемпионы атанды, өзінің 94 келіге дейінгі дәрежесіндегі тұжырымын қайтарып алды. Мен ол үшін қатты қуандым, тіпті ол туралы жаздым да. Седовтың мінезі қиын екенін бәрі де бұрыннан біледі. Бірақ ұрыс-керістен кейін, ол Азия чемпионатында жеңіске жетіп, жаңа өмірді бастағандай болды. Зілтемірші енді өз эмоциясын жеңіп, оны ешнәрсе тоқтата алмайтындай болған еді.

Бірақ оның бүгінгі жасап отырғаны бәрін де жоққа шығарды. Енді спортшының мансап жолында хэппи-энд бола қоймас. Мен Седовтың бұл жасаған әрекетіне қатысты пікірлерді де оқып шықтым, біреулер оны сөгіп жатса, біреулер керісінше қолдап жатыр. Меніңше, ол эмоциясына қатты беріліп кетті. Бұл алдын ала ойластырылған наразылық акциясы болды. Арнайы жейдені де дайындап қойған, бәрі де тікелей эфирде болып жатқанын біледі ғой. Бұл Седовтың ойлап шығарғаны ма немесе оған біреу айтты ма, мен оны білмеймін. Бірақ адамгершілік тұрғысында бұл дұрыс іс болмады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Седов пен Ильин жақын достар еді. Сырттан солай көрінетін. Олардың орталарында не болғанын білмеймін. Бірақ кейде достардың арасында түсініспеушіліктер болып, достарымызды жоғалтып жатамыз. Олардың арасында кандай дау мен реніш болсын, басқалардың сәтсіздігіне қуану дұрыс емес.
Седовтың спорттағы жолы әділетті болмады дегенге мен келісемін. Мүмкін, команданың ортасында қандай да бір себептер болған шығар. Солар Седовты спорттан кету туралы мәлімдеме жасауға мәжбүрлеген болар. Менің де сол кезде сіздермен бірге зілтеміршіге жаным ашыды. Командадағы үлкен бәсекелестіктен біз мықты зілтеміршімізді жоғалттық. Бірақ тағдыр Седовқа қателіктерін жөндеуге қайта мүмкіндік берді. Өзінің мықты екенін көрсетіп, дәлелдеуге мүмкіндік берілді. Осы жағдайда Седов ұлтымыздың батыры бола алар еді. Өкінішке қарай, ол өздеріңіз көргендей... Оның бұл ісі мені таңғалдырды. Себебі Седов осы жағдайды дұрыс түсінуі қажет. Сонымен қатар, ол 2006 жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын.

Кез келген жағдайда, болған оқиғаға қатысты сұрақтар көп. Мүмкін біреуге бұл пайда әкелген шығар, бірақ Седов біреудің ойынындағы кейіпкер болып қалды. Түрлі болжамдар бар. Не болса да, жақын арада бәрі анықталады.

P.S. Қазір спорт әлемінде болып жатқан жағдайларға қарап, мұңаясың - мәдениеттің артынан (сәлем, "Евровидение-2016") спорт та үлкен саясатқа айналып бара жатыр...




Join Telegram