Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

ТАУДАҒЫ ТЕКЕЛЕР СҮЗІСКЕНДЕ, ҮЙДЕГІ ЕШКІНІҢ МҮЙІЗІ СЫРҚЫРАПТЫ

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ ТАУДАҒЫ ТЕКЕЛЕР СҮЗІСКЕНДЕ, ҮЙДЕГІ ЕШКІНІҢ МҮЙІЗІ СЫРҚЫРАПТЫ ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Түрік ағайынды айтамын, өз еліндегі басталып кеткен теке-тіреске, жылымға қазақтарды да қосып жібермек болды, ә? Рас қой енді, төңкеріс жасамақ болғандар - "Гуленшілер" деп, оның жақтастарын түрмеге тоғытып жатыр. Бұл - билікті күшейту ме, әлде бұрынғы әріптесімен есеп айырысу ма, жоқ, басқаша саяси мүдде бар ма, оны Эрдоған жақсы біледі. Бірақ, Қазақстандағы қазақ-түрік оқу орындарын жабуға итермелеуі - біреудің қолымен от көсеуге шақыру екеніне сөз жоқ. Бұл қадамның біз үшін қазіргі түрік билігін саяси қолдау боп шығары өз алдына, онсыз да қайшылықтардан көз аша алмай келе жатқан білім саласын тағы бір дертке шалдықтырумен бірдей дүние болар еді. Қазақ-түрік лицейлерінің діни ағымға қатысы бар дегенді естіп көрмеппіз. Керісінше, осы лицейлердің құрылымы, оқыту жүйесі, тәрбиесі мен тәртібі жөнінен үйренетініміз көп екенін мойындасақ жөн болар. Өмірімде бірінші рет біздің Білім және Ғылым министрлігіне риза болдым. Түрік ағайынның итермелеуі қоғамда гу-гу әңгіме, пікірталас туғызып жіберіп еді.

Соған былайша нүкте қойыпты:

"Министрліктің мәліметінше, ҚТЛ-дердің Түркияға қатысы жоқ, білім беру саясатын қазақстандық және халықаралық стандарттардың негізінде құрады. ҚТЛ қызметін реттейтін "KATEV" халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркияның арасында білім беру саласында екіжақты келісім негізінде Н.Ә.Назарбаев пен Т.Озалдың қолдауымен құрылған еді. ҚТЛ жұмыс істеген уақыттан бері оқушылардың оқу үлгерімінің жоғары екенін көрсетіп, елдегі білім беру мекемелерінің ішінде абыройлысы екенін дәлелдеді. Соңғы жылдардың ішінде ҚТЛ-де оқитындар 5327 медаль жеңіп алды, оның ішінде 986-сын Бразилия, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Румыния, Канада, Грекия, Германия, Жапония елдерінде өткен Халықаралық олимпиадаларда алды. ҚТЛ-да 1124 оқытушы жұмыс істейді, олардың 1030-ы Қазақстан азаматы (91,7 пайызы), 94-і Түркия азаматы (8,3 пайызы).

Мұнымен қатар, министрлік өкілдерінің айтуынша, ҚТЛ - қазақ тілінде оқитын дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернаты. "Биыл ҚТЛ-ды 1634 түлек тәмамдады. Олардың ҰБТ-дағы орташа баллы - 102,3. ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша барлық ҚТЛ "Республиканың үздік 100 мектебі" тізіміне кірді."

Ал, Айдос Сарым бауырымның қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейі" деп атау туралы ұсынысы ойланатын мәселе, ә? Жоғары жақтан қолдау күтпей-ақ, өкім шығартпай-ақ, өзіміз осылай атап кетсек қайтер еді? Тіл мен тіс өзіміздікі емес пе? Ешкімнің түйесін сойдырмай-ақ қояйық...




Join Telegram