Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Бетінен ары, бұтынан шалбары кеткен күн

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Бетінен ары, бұтынан шалбары кеткен күн ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Тізесі жыртық, төсі ашық қазақ қыздарын көріп, көз қызара-қызара шарасынан шықты-ау деп жүргенде, бұтындағы шалбарына да ие бола алмайтын атпалдай азаматтарымызды да көрдік. Көрмеген не қалды.

Той үстінде қу шөлмектің шалабына малынып алып, ішінде өздерін малтып жүргендей сезінген бір топ қазақтың жігіттері, жо...жоқ, әкелері шалбарларын шешіп биге басты. Айнала қуып жүрген әйелдер. Тоқтау айтар тіл тұрмақ, "ұят-ай" деп түртіп қалар саусақтың да болмағаны қалай? Шыққан тамырыңа су құймай қуартып кетсең де мейлің, бірақ зәріңді қайта төгуге бола ма екен? Адамдық, ар, ұят, тек, тектілік, иман, бұлардың бәрі дәл сол тойхананың сыртқы есігінде тұр. Ішке кіргілері келеді. Бірақ есік ашатын кімің бар?! Той - қазақтың қазынасы деп ауыз көпіріп жүргенде, қазына дейтін сөзді төтесінен түсінген бір топ "әке" аралдан қазына тапқан қарақшылардай есі кетіп асыр салуын-ай. Аталған бейне-баянды әуесқой түсірілім деп таныдық. Бірақ әуестігі неде, сол маңызды болып тұр. Қазақ тойға шашылу үшін одан қалса бала-шағасын бір тойдырып, ойнап-күліп қайту үшін, "ұят болады, барайық" дейтін дүниені сылтау етіп барады.

Енді қараңыз, шашылса тойдың иесі деп шашылар, бірақ шашылу мен шешінудің арасы жер мен көктей ғой. Бала - шағасын ерте барып, әйелдерімен қоса жын қуғандай домаланса бұл ұрпаққа берген қандай тәлім? "Ұят болады, барайық" деп барып ұятты есіктің сыртына тастап кетсе, оның қадірі қайда? Сол жердегі әкесінің қылығын көріп тұрған ұл болса, соның көзімен қарап көрдік пе?! Дамбалына ие бола алмаған "дарабоздарымыз" ұлттың мүддесін боздатып жүрсе, арына ие бола алмай жүрген азаматтарымыз ертең "азаматтық позиция" ұстанып ұрандап шықса ұранына қайтіп ереміз? Ең жақсысы болар іс болса да сол төрт қабырғаның ішінде өсекке айналып кеткені еді... Ең жаманы болар істі "болды" деп көрсету кімнің пайдасы, кім ұтты, кім ұтылды...




Join Telegram