Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.70
EUR / KZT - 348.20
CNY / KZT - 45.10
RUB / KZT - 5.49

ХХI ғасырдағы мінсіз кәсіпкердің бейнесі

08 Желтоқсан 2016, 15:07
0

Кеше біз кішігірім келісімшарт үшін шамамен 10 000 $ көлемінде алдын ала төлем алдық.

Келісімшарт негізі былай жасалды: клиент компанияның есепшотына ақша аударды, кейін біз ол ақшаны Қытайдағы серіктесімізге жібердік. Ол зауыттағы қажетті тауарға тапсырыс берді, алған соң маған жібереді деп келістік. Бірақ келісім жасасқанда мынандай бір қызық жағдайлар болды:

Біріншіден, мен тапсырыс берушіні ешқашан көрген емеспін. Онымен Whatsapp пен телефон арқылы ғана сөйлестім. Сіздерге мен көрмеген адамдардың осындай сомадағы ақшаларды қалай маған аударғаны қызық болып тұрған шығар. Себебі, ол мені басқа бір клиент арқылы тапқан. Ол клиентпен біз жобаларымызды сәтті аяқтаған болатынбыз.

Екіншіден, заманауи технологиялардың көмегімен біраз жұмысты азайтуға болады. Біз қазір интернет-банкинг арқылы ақша аударып немесе керісінше, сол арқылы ақша ала аламыз. Salyk.kz сайтында электронды салық есебін тапсыруға, iDocs.kz  арқылы электронды есеп-фактурасын жасауға болады. Телефон арқылы логистикалық компаниядан автокөлікке тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, қоймадағы тауар жеткізушіден қажетті тауарыңды алып кетуге немесе трекинг арқылы тауардың қай жақта екенін біліп отыра аласың.

Жаңа мыңжылдықтағы мінсіз кәсіпкер қандай? Ол - ноутбугі бар сөмке асынып алған, қолында iPhone бар, бірақ қолма-қол ақшасы жоқ адам. Себебі, мінсіз кәсіпкер қаражатты тек Интернет арқылы алып, сол арқылы аударады. Оның компаниясында өзінен басқа қызметкер жоқ, оны аулада тапсырыс берген Uber таксиі күтіп тұрады. Кәсіпкер басқа қалаға ұшу үшін әуежайға барады, содан онда ол Airbnb арқылы жалдаған пәтерінде тұрады.

Жазба автордың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай