Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.21
EUR / KZT - 391.74
CNY / KZT - 50.08
RUB / KZT - 5.57

Карикатура: Қорлау ма, әлде өнер ме?

19 Қаңтар, 14:01
0

Барлық әлеуметтік желіні шарлап жүрген мына карикатураның авторын Қыдырәлі Болманов сотқа бермек депті адвокаты. Карикатура авторынан ақша өндіріп алуға Қыдырәлінің мүмкіндігі қандай? Күмәнім бар осыған. Өйткені, карикатурада Қыдырәлінің атын атайтын бір ауыз сөз жоқ. Иә, сурет кейіпкерінің түрі ұқсауы мүмкін. Бірақ, адам адамға ұқсай бермей ме?


Суретші Мұрат Ділманов салған карикатура

Алдымен, Қыдырәлінің өзі сот алдында "суреттегі менің бейнем" деп айта алар ма екен? Ертең тағы бірнеше адам карикатурадағы бейне - менмін деуі ғажап емес қой. Олардың да сотқа беруге құқы бар. Олай істейтін болса, Қыдырәлі адвокатының істері құр далбаса болып шыға келеді. Суреттегі кейіпкер Қыдырәлі екенін дәлелдей алмаса, төсекте жатқан жалаңаш келіншектің де ешкімге қатысы болмайды. Ал, Қыдырәліні қорлап отырған карикатура емес, оған жазылған пікірлер болса, онда суретшінің кінасы қандай? Әркім өз пікіріне өзі жауап беруге тиіс емес пе? Мен біреуді кінәлағым да, қаралағым да, қорғағым да келіп отырған жоқ.

Менің ойым басқа: карикатура мәселесі бізге де келіп жетті. Әлемнің дамыған елдерінде де бұл әлі жауабын таппай отырған көп сауалдың бірі. Тіпті саяси мәселеге айналып, қақтығыс туғызған сәттері де баршылық. Құқық қорғаушылардың бірі оны адамды, кейіпкерді қорлау деп білсе, екіншілері - өз ойын еркін білдіру, өнердің бір түрі деп бағалайды. Бірақ, қалай десеңіз де карикатураның айналасындағы айқай-шу бізге де жетті. Бұл басы ғана. Көретін қызық әлі алда.

Ал, дәл мына жағдайға келетін болсақ, бұл жерде екі мәселе бар: бірі - Мұрат Ділмановтың карикатурасындағы бейнені нақты Қыдырәлі Болманов екенін дәлелдеу, екіншісі - жалпы карикатураның табиғатын тану, бұл біреуді қорлау ма, әлде өнер туындысы ретінде қоғамға көзқарас па? Сіздің ойыңыз қандай? Карикатурадағы бейне сізге ұқсап тұрса қайтер едіңіз?


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай