Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Баян-жыр

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Баян-жыр ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Біз осы неге жұлдыздардың өмірін сөз еткенге әуеспіз? Психологтар шашы ағарып, қайта қарайғанша зерттеген бұны. Бір-екі тоқтамы мынау.

Біріншіден, өткен ғасырдың 80-шы жылдары Мелвин Лернер деген психолог "әділетті әлемнің феномені" деп атаған құбылыс бар. Әрбір адамның ішіндегі әділдік таразысының дәлдігі сондай, егер сен тым атақты, бай, табысты болсаң, "әділдік" сенің құрбандық шалғаныңды талап етіп отырады. Әрбір табысыңның соңынан қоғамның алдында ақы (кез келген) төлеуді талап етеді. Сондықтан, сен өз кінәңнің себебінен болмаса да, ауыр я күлкілі жағдайға түсіп қалсаң, ешкім болыспайды. "Фу, бір баласы өлсе, екіншісі бар", "Банкрот болса да, өлмейді, бір тойға барып біздің он айлықты алып кетеді оңбаған" деп отыра бересіз.

Екіншіден, олар біздің жасай алмайтын, ұятымыз жібермейтін қылықтарға барған сайын ішіміздегі ұят сезімі рахаттана түседі."Арсыз болмай, атақ жоқ" дегендей, "егер әнебіреу секілді атақты болсам, анау жүнкеудемен төсектес болар едім, шөп шегіп, мас болып сахнаға шығар едім. Ал менің жолым басқа болды да, бұдан аман қалдым. Рахмет, саған ұят» дегендей, адамның санасы өз-өзіне рахмет айтады. Былайша айтқанда, өзіміз жасамаған қылықтар үшін өзімізді марапаттаймыз.

Үшіншіден, біздің қоғамда қарапайым болудың қаупі мен ұятының бірдей қысуы - қалыпты жағдай. Біздің мәдениет момын, тыныш, еңбекқор, шүкіршілдің бағасына жете бермейді. "Момынды" "ынжық", "Тынышты" "қопал" деп, хақысын тартып алғымыз келіп тұрады емес пе? Сол үшін де бізде "кәдімгі" деген "қызықсыз", одан да қорқыныштысы, "кәдімгі, қалыпты" деген "ойсыз, мәнсіз" (бессмысленный) дегеннің синонимі болып кетті. Демек, өмірің қалыпты болмас үшін жұлдыздардың өмірін бақылап, олардың орнына өзіңді сезініп болсын, эгосын қанағаттандырады. "Туу, иә макияж жасатар едім, концерт қояр едім, бірақ ішпес едім мен. Жынды ма, мен болсам бәрін басқаша жасар едім" деген сезім қолын жүгіртеді соткаға.

Бұның бәрі психологтардың айтқаны ғой. Бірақ, іздесеңіз, ақылдың дәндері жатыр ара-арасында. Ал жарайды, біз сондай екенбіз, бірақ жұлдыздардың бәрі жөн салып жүр ме бізге?

Ешкімді тілдегім келмейді. Оның үстіне Баян Мақсатқызымен сырттай таныспыз, менің Инстаграм аккаунтымды жарнамалап берген, пікірі жақсы етін осы кезге дейін. Бірақ, жұрттың бәрі Мағжанның "Батыр Баянын" ұмытып, Мақсатқызының "Баян жырын" оқып жатыр ғой күніге. Бір білгенім болса, мұсылман баласы ешқашан бұрын істеген күнәсын көпшілікке жаймайды, жасырады, онымен мақтанбайды. Бірақ, бір байқағаным, біздің жұлдыздар өздерінің көтерген күнәларын, жасаған қылмыстарын айтып мақтанатын болды.

Баянның "Ол жасаған қылмысы үшін бостандығынан айырылды. Бірақ ең қорқыныштысы - адамдардың оның әрекетін құптап, "дұрыс істеді" деп жатқаны. Яғни адамдар көзге шөп салған әйелді жазалау керек деп есептейді, осыны қолдайды. Демек, некедегі әйелдің барлығын біреуді ұнатып қалғаны үшін жазалайық онда" деген сөзінің астарын жақсы түсініп отырған шығарсыз. Нені мойындап, неге шақырып тұр? Мұндай сөздердің ызы оның бетіне жазылған 2 миллион 300 мың адамның қайсысының табанынан тыз етіп ұрарын кім білген... Баян да білмейді.
Білмеген соң, мұндай шекеңнен пистолет тақап тұрмаса айтпайтын сыр жайлы өз еркімен айтқан түбінде дұрыс емес-ау. Мен ешкімге үлгі емеспін. Ол да үлгі емес.

Бірақ, біз осында салған фотомызбен, жазған сөзімізбен, бөліскен ұстанымдарымызбен оқырманның ойын қалыптастырып жатырмыз. Ол оны мойындамаса да... Ащы бұрышты көп жесең, көзіңнің алды көлкілдейді, шошқаны көп жесең, қызғанышың кетіп қалады дегендей, сіздер қандай ақпаратты тұтынып жатқандарыңызға мұқият қараңыздаршы. Қазір осында біреу "Осы Францияда елдің бәрі көшеде сүйісіп жүреді. Ал бізде, қазақтар ұялшақ. Бір-біріне махаббатын көрсетуге ұялады. Содан келіп, балалар үйінде жетімдер көп. Себебі, махаббатсыз туған. Бізді ұстап тұрған ұят-ау..." деп пікір білдірсе, оған кімнің ойы түрткі болғанын да біліп отырмын.
Біздің орта өсіреді, пікірімізді басқалар қалыптастырады. Сол үшін де жұлдыздардың оңды-солды пікір айтқанынан қауіптеніп жатқаным, әйтпесе, нем бар жүйкемді тоздырып.




Join Telegram