25 қыркүйек 2014 20:45

Елімізде соңғы алты жылда болған әуе апаттарының хроникасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

 1. 2008 жылдың ақпанында Қызылорда облысында болуы ықтимал су тасқыны қаупін тексеру үшін әуеге көтерілген төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы құлады.


 1. 2008 жылдың ақпанында Қызылорда облысында болуы ықтимал су тасқыны қаупін тексеру үшін әуеге көтерілген төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы құлады.

Бортта сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, тағы бірнеше шенеунік пен тілшілерді қосып алғанда 15 адам болған. Тікұшақ апаты салдарынан 5 адам көз жұмған, ішінде журналистер де бар. Тексеру қорытындысы апат себебін отын механизмінің бұзылуы деп атаған.

2. 2009 жылдың маусымында Қорғаныс министрлігінің Ми-24 тікұшағы Алматы облысында апатқа ұшыраған. Экипаждың үш мүшесі де тірі. Тікұшақ өздігінен сол жаққа, төменге қарай тартып кеткен.

3. 2009 жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚК-нің шекара қызметіне тиесілі МИ-8 тікұшағы құлады. 13 әскери қызметкерді бортына тиеген әуе кемесі шекараны бұзушыларды ұстауға арналған арнайы операцияға бара жатқан. Апат кезінде 10 адам мерт болды, тек үшеуі тірі қалған. Кейіннен белгілі болғандай, тікұшақтың артқы бөлігі байқамай тау тасын іліп кеткен.

4. 2010 жылдың наурызы – Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ тиесілі тікұшақ жер жастанған, оның ішіндегі сегіз адам тіл тартпай кеткен. Құтқарушылар шалғай елді-мекеннен бір науқасты облыс орталығына алып келе жатқан. Апат себебі – ауа-райының қолайсыздығы.

5. 2012 жылдың 22 тамызы – әскери жаттығу мақсатында көкке көтерілген МИ-17 тікұшағы Астана әуежайына жақын маңда бұрқ еткен. Тікұшақ екіге бөлініп, бірден өртке оранған. Төрт әскериден тұратын экипаж тіл тартпай кеткен. Сол кездегі Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сорокин апатқа ұшыраған тікшақтың су жаңа екенін, ал экипаждың аса білікті мамандар екенін мәлімдеген. Апаттың бірнеше себебі аталған. Соның бірі – ұшақтың басқару жүйесі өздігінен істен шыққан.

6. 2012 жылдың 19 қарашасында Алматы облысында "Евро-Азия Эйр" компаниясына тиесілі, борт нөмірі – 829, МИ-8 тікұшағының қирандылары табылған. Тікұшақ Атасу-Алашаңқай мұнайқұбырын бақылау үшін ұшып шығып, 24 қарашада Қытай шекарасына жақын Көктұма-Достық маңында жоғалған. Борттағы сегіз адам да мерт болған. Тікұшақ себебі әлі күнге дейін айтылмаған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети