22 желтоқсан 2014 19:13

Назарбаев пен Порошенко әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың Киевтегі бірлескен баспасөз мәслихаты. ©Жанна Нұрланова Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың Киевтегі бірлескен баспасөз мәслихаты. ©Жанна Нұрланова

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко Қазақстан мен Украина арасында әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Бұл туралы ортақ баспасөз мәслихатында Украина басшысы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко Қазақстан мен Украина арасында әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Бұл туралы ортақ баспасөз мәслихатында Украина басшысы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президенттер ғарыш және авиация өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. "Мені біздің әскери-техникалық ынтымақтастықты толық көлемде жандандырып отырғанымызды дәйектеу қуантады. Біздің елдердің тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға жұмсалатын болады. Соңғы екі жыл ішінде біздің тауар айналымымыздың 30 пайыздан артыққа құлдырағаны жол берілмейтін жайт деп есептейміз. Біз таяу арада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы комиссияның қызметі жанданатын болады деп келістік. Біз машина жасау, оның ішінде, энергетикалық машина жасау саласын ынтымақтастықтың басым бағыты деп қарастырамыз. "Турбоатом", "Запорожтрансформатор", "Зарямашпроект" және энергетика саласындағы басқа да кәсіпорындардың өнімдері Қазақстан аумағындағы энергетика нысандары құрылысына пайдаланылатын болады", - деді Порошенко. 

Оның айтуынша, украин құрылыс компанияларының қуаты EXPO-2017 көрмесі дайындығына қолданылатын болады. "Біз өзіміздің украиналық тәжірибеміздің Қазақстандағы осы әлеуетті жобаны іске асыруға оң әсер ететініне сенімдіміз", - деді Украина президенті. Порошенко Украина мен Қазақстан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы жөніндегі мәселелерді реттеуге уағдаласқанын да айтты. Сонымен бірге, Украина басшысы елдің шығысындағы ахуалды бәсеңдету жөніндегі ұстанымдардың да талқыланғанын атап өтті. "Басып алынған аумақтарымызда украин мемлекеттілігін орнатуда халықаралық құқық талаптарының сөзсіз сақталуы мәселесін көтерген Қазақстанның украин егемендігін, украин тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуде әрқашан қатаң ұстаным ұстанғанын және осы сапар барысында соны растағанын ризашылықпен айтамын. Мен шиеленісті бәсеңдетуде, Украина ұстанымын қолдауда өзінің барлық халықаралық ықпалын пайдаланғаны үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс білдіремін", - деді ол. 

Нұрсұлтан Назарбаев болса, Қазақстан өз тәуелсіздігінің барлық кезеңінде Украинамен көптеген бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты қалыптастырғанын атап өтті. "Мен біздің елдеріміздің арасындағы татулық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылуына 20 жыл толған жылы келіп отырмын. 2010-2013 жылдар аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы екі есеге ұлғайды. Биыл ол төмендеді, бұл арадағы әлеуетімізге сай келмейді, себебі Украина - Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі", - деді Назарбаев. Қазақстан Президенті өз еліндегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының және "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатының Украинаға мол мүмкіндік ашатынын айтты. Ол украин бизнесін Қазақстанның келешегі мықты жобаларына қатысуға шақырды. 

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президентімен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың Порошенкоға елдегі дағдарысты шешудің жолдарын бірлесіп ойластыруды ұсынғаны хабарланған еді. Сонымен қатар, ол екі ел арасындағы бұрын төрт миллиард доллар болып, кейін үштен бірге құлдыраған тауар айналымының қалыпқа келетініне үміт білдірді. Айта кеткен жөн, 21 желтоқсан күні елдің жетекші телеарналарының журналистерімен кездескен кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы ахуалды шешуде тәуелсіз делдал болуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ол соғысты тоқтату басты міндет екенін айтты. 

Порошенкомен кездесуден кейін 23 желтоқсанда Мемлекет басшысы Мәскеуге Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына барады. Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы да болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети