01 қазан 2014 11:56

Ресейдің арнайы қызметтері украин ұшағын айдап әкетпек болды - УҚҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Украина қорғаныс министрлігі ©Украина қорғаныс министрлігі

Украинаның қауіпсіздік қызметі жедел шаралардың нәтижесінде Ресей арнайы қызметтерінің Украинаның Су-24М әскери барлау ұшағын ұрлап кетуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz УҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Украинаның қауіпсіздік қызметі жедел шаралардың нәтижесінде Ресей арнайы қызметтерінің Украинаның Су-24М әскери барлау ұшағын ұрлап кетуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz УҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қыркүйек күні Украинаның қауіпсіздік қызметі Ресейдің әскери барлау қызметіне жалға алынған К. деген 1970 жылғы Украина азаматы ұсталды. Ол - антитеррорлық операциялар жүргізуге қатысқан Украина авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары. Қауіпсіздік қызметінің анықтауынша, Ресейдің арнайы қызметтері украин әскери қызметкерін өздерінің қылмыстық мақсаттарына тартуды бірнеше кезең бойы іске асырған. 

Барлау қызметінің мәліметінше, материалдық сыйақыға украин ұшағын Ресейге айдап әкету туралы ұсынысты украин азаматына оның ағасы - Ресей азаматы, РФ Қарулы күштерінің отставкадағы полковнигі шілде айында Украинаға келген кезінде айтқан. 

Кейін РФ Қарулы күштері Бас штабы Бас барлау басқармасы өкілдерінің ойластыруы бойынша Ресейдегі туыстарына келген ұшқыштың әйелі мен кәмелетке толмаған қызы Мәскеу әуежайында төлқұжатты тексеру кезінде ұсталып, Мәскеу мен Санкт-Петербург қонақүйлерінде үш аптадай мәжбүрлі түрде кідіртілген. 

Ал бұл уақытта Ресейдің әскери барлау қызметкері "Главврач" деген псевдониммен К.-мен байланыс орнатады да, Су-24М ұшағын Ресей аэродромдарының біріне айдап әкелуге кірісуді ескертеді. Бұл үшін оған РФ ҚК полковник атағы, ұшқыш қызметі, баспана, 30 мың доллар, басқа да материалдық игіліктер ұсынылған. Сонымен бірге, егер тапсырманы орындамаса, оның отбасы мүшелеріне қауіп төнетіні де ескертілген. Ақыры К. РФ ҚК БШ Бас барлау басқармасымен ынтымақтасуға мәжбүр болады.

Ресей арнайы қызметінің тапсырмасы бойынша ұшқыш антитеррорлық операциялар аймағында әскери ұшуды іске асыру кезінде әскери ұшақты айдап әкетуі және оны Курск қаласының аэродромына қондыруы тиіс болған. Оны ресейлік ұшақ қарсы алуы керек болды, егер ұшақты аэродромға қондыру мүмкін болмаса, пилот катапультаның көмегімен РФ аумағына түсуі тиіс болды. 

Ұшақты айдап әкетуге дайындық тамыз-қыркүйек айларында іске асырылған. "Главврач" ұшқышқа отбасы мүшелеріне күш көрсетілетінін айтып қорқытып, тапсырманы тез орындауды талап етті. Телефонмен әңгімелесу барысында бұл акцияны орындауды оған ағасы мен әйелі де қайта-қайта ескерткен. Ресейдің барлау қызметімен арада электронды пошта арқылы шифрленген хабарламалар алынған. Бірақ Украина қауіпсіздік қызметінің контрбарлау қызметі К.-ны ұшудан аластатып, дер кезінде оның қылмыстық ниетінің жолын кесті.

УҚҚ Хмельницк облыстық басқармасының тергеу бөлімі Украина Қылмыстық кодексінің 111-бабы (мемлекетті сату) бойынша қылмыстық өндірісті қолға алды. Ұшқыш 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер ол украин арнайы қызметтеріне бопсалау әрекеті туралы хабар берген кезде қылмыстық жазадан босатылар еді. "Контрбарлау қызметі әскери қызметшілерге шетелдік арнайы қызметтер тарапынан арандату қаупі барын ескертіп, сақ болуға және Украина халқына адал болуға шақырады", - делінген Украина қауіпсіздік қызметінің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети