20 мамыр 2014 18:05

Сербия қазақстандықтардан гуманитарлық көмек беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сербия қазақстандықтарды су тасқынының зардаптарын жоюға көмектесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің сайтына сілтеме жасап.


Сербия қазақстандықтарды су тасқынының зардаптарын жоюға көмектесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің сайтына сілтеме жасап.

"Сербия Республикасының Үкіметі халықты қауіпсіз жерге көшіруге және су тасқыны салдарын жоюға қол үшін бергені үшін ресейлік құтқарушыларға, Еуроодақ пен Беларусьқа, Балқан өңірінің елдеріне және мыңдаған сербиялық жекелеген азаматтарға зор алғысын білдіреді. Дегенмен апат ауқымы мен Сава өзенінің арнасынан асу қаупі ахуалды тұрақтандыруға әлі де көптеген күш-жігерді, еңбекті және қаржыны қажет етеді. Сондықтан да Қазақстандағы Сербия Елшілігі Сербияның барлық азаматтарын, достарын және бұл жағдайға бейжай қарамайтын адамдарды Сербия халқына көмек қолын созуға шақырады", - делінген елшіліктің сайтындағы хабарламада. 

Жарияланған ақпаратта хабарланғандай, Сербияға үлкен қауіп төніп тұр. Бірнеше күнге созылған нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, ұлттық ауқымдағы апатқа айналды. "Көптеген қалалар су астында қалды, бірнеше адамның өмірі қиылды. Топан судан көптеген үй шаруашылықтары зардап шегіп, ауыл шаруашылығы жерлері бүлінді, үй жануарлары өлді. Көптеген елді мекендер зор зардап шекті және әлі де болса су тасқынының астында қалу қаупі бар. 25 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сербия халқының басына төнген бұл бақытсыздыққа көптеген жекелеген тұлғалар мен мемлекеттер назар аударып отыр", - деп жазылған мәлімдемеде.

Сербия Елшілігі көмек көрсету тәртібі туралы келісу үшін мына телефондарға хабарласуды өтінеді: +7 7172 99 00 27 немесе факс +7 7172 99 00 26. Сондай-ақ ақшалай көмек көрсету үшін БТА банкінде арнайы есепшот ашылған: №: KZ46319Y010006067683 теңгемен және KZ51319Y010006067690 еуромен. BIN: 110850002696 KBE: 21.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети