24 шілде 2014 23:53

Украина премьер-министрі Яценюк отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Жоғарғы Рада отырысында "Еуропалық таңдау" коалициясының ыдырауына байланысты өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Жоғарғы Рада отырысында "Еуропалық таңдау" коалициясының ыдырауына байланысты өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.

"Біз парламенттік-президенттік республика болғаннан кейін үкіметтің бірінші амалы мынау болып тұр: коалиция ыдырады, премьер-министр жаңа коалиция қалыптастыру рәсімін бастайды. Бұл нені білдіреді? Бұл - премьер-министр коалицияға коммунистер мен "аймақтарды" алуы керек деген сөз. Мен мұндайды ешқандай жағдайда да қолға алмас едім", - деді Яценюк.

Оның айтуынша, "жаңа коалиция құрылмаған кезде, бұрынғы коалиция ыдыраған уақытта үкімет пен премьер-министр отставкаға кетуі керек. "Мен коалицияның ыдырауына және үкіметтік бастамалардың тоқтатылуына байланысты өзімнің отставкаға кететінімді мәлімдеймін", - деді Яценюк.

Бүгін Рада төрағасы Александр Турчинов "Еуропалық таңдау" коалициясы қызметінің тоқтатылатынын хабарлады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, УДАР және "Свобода" фракциялары Украина президентіне парламентті таратып, сайлау өткізуге негіз беру үшін коалициядан шығатынын мәлімдеді. Украина Конституциясы бойынша егер отыз күн ішінде Радада жаңа коалиция құрылмаса, Украина президенті Жоғарғы Раданы тарата алады. 

Арсений Яценюк елдің үкімет басшысы болып, 27 ақпанда тағайындалған еді. Виталий Кличко, Олег Тягнибок сияқты оппозиция жетекшілерімен бірге ол "Еуромайдан" қозғалысының үйлестірушісі болды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети