09 қыркүйек 2014 15:00

Украинадағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала нәтижелері жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Boeing 777 құлаған орын. ©REUTERS Boeing 777 құлаған орын. ©REUTERS

Украинадағы Boeing 777 апаты тергеуінің алдын ала нәтижелері шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Нидерланды қауіпсіздік кеңесінің алдын ала баяндамасына қарағанда, малайзиялық ұшақтың апатқа ұшырауына сырттан әсер еткен құрылымдық зақымдану себеп болды.


Украинадағы Boeing 777 апаты тергеуінің алдын ала нәтижелері шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Нидерланды қауіпсіздік кеңесінің алдын ала баяндамасына қарағанда, малайзиялық ұшақтың апатқа ұшырауына сырттан әсер еткен құрылымдық зақымдану себеп болды.

Ұшу кезінде лайнердің быт-шыты шыққан. "Бірнеше жоғары энергетикалық нысанның сырттан болған әсерінен ұшақтың құрылымы зақымданып, ол әуеде бірнеше бөлікке бөлінген", - делінген баяндамада.

Boeing 777 ұшағының Украинаның үстінде апатқа ұшырау себептері туралы түпкілікті баяндама алдағы уақытта жарияланады. Сарапшылардың хабарлауынша, малайзиялық ұшақтың апатқа ұшырауы туралы баяндама тергеуге қатысып жатқан елдердің барлығына, соның ішінде, Ресей мен Украинаға да жолданады. Апат туралы іс бойынша жаңа айғақтардың пайда болатынына сенім білдірген сарапшылар қосымша тергеу жүргізу қажеттігін айтып отыр.

Еске сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған Boeing 777 жолаушылар ұшағы  17 шілде күні Донецк облысында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 298 адам болған, олардың ешқайсысы аман қалған жоқ. Киев оқиғаға халық жасақтарын кінәлады, ал көтерілісшілер биіктіктегі әуе кемесін атып түсіретін құралдарының жоқ екенін айтып, кінәні мойындамады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети