05 желтоқсан 2014 00:07

Украинаның жаңа парламентінде алғашқы төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Порошенко Блогы секторында жанжал шықты. ©Facebook.com Петр Порошенко Блогы секторында жанжал шықты. ©Facebook.com

Украинаның жаңа парламентінде алғашқы төбелес болды. Петр Порошенко Блогы секторында комитет басшыларын сайлау туралы шешім қабылданғаннан кейін жанжал шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украинаның жаңа парламентінде алғашқы төбелес болды. Петр Порошенко Блогы секторында комитет басшыларын сайлау туралы шешім қабылданғаннан кейін жанжал шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше депутат дауыс беру рәсіміне наразы болып, мінберге жақындап келді де, қарсылықтарын білдіре бастады. 2014 жылдың ақпанында Януковичке ультиматум ұсынған Майдан белсендісі, халық депутаты Владимир Парасюктің дауысы бәрінен өктем шықты.

Парасюк ППБ депутаттарына Майданның әділдік үшін күрескенін еске салып, комитет басшыларын тағайындауда әділдікті қамтамасыз етуі үшін депутаттардың жарты сағат артық жұмыс істеуі керек екенін айтты. Бірақ қарсыластары оған "Бұл жер саған Майдан емес, орныңа отыр!" деп айқайлады, төбелестің шығуына да сол себеп болды. Төбелеске Борислав Береза, Юрий Левченко, Егор Соболев сияқты депутаттар да араласты. 

Төбелес басылғаннан кейін ППБ депутаты Руслан Князевич дауыс берудің регламентке сай өткенін мәлімдеді. Ол халық депутаттарына заңдардан айырмашылығы қаулы жобаларына негізіне қарай және тұтас күйінде де дауыс беруге болатынын еске салды.

Сөйтіп, бүгін Украинаның Жоғарғы Радасы №1004 қаулының жобасын мақұлдап, 27 комитетті құрды. 4 желтоқсан күні парламент отырысында құжатқа залда тіркелген 375 халық депутатының 270-і дауыс берді. Дауыс беруге Оппозиция Блогы қатыспады, олардың пікірінше, оппозиция өкілдеріне комитеттерде квота бөлінбеген. Үш комитет төрағасыз қалды: құрылыс, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; регламент комитеті және қаржы саясаты мен банк қызметі комитеті. Құжатта Украинаның сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы Радасының әр комитетінің құрамына 11-ден кем емес және 35-тен аспайтын халық депутаты кіре алатыны бекітілген. 

Дауыс беруден соң оппозиция өкілдеріне арнап сөз сөйлеген Владимир Парасюк олардың әрқайсысының парламенттегі жұмыс үшін жауапты екенін айтты. "Егер жұмыс істемейтін болсаңыздар, біз сіздерді бұл жерден шығарып жібереміз. Сіздерді өздеріңіздің миллиондарыңыз да құтқара алмайды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети