21 сәуір 2014 21:22

Виктор Янукович шұғыл мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович. ©РИА Новости Виктор Янукович. ©РИА Новости

Украинаның биліктен аластатылған президенті Виктор Янукович елдің қазіргі билігіне жазбаша мәлімдеме жолдады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Украинаның биліктен аластатылған президенті Виктор Янукович елдің қазіргі билігіне жазбаша мәлімдеме жолдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Украинаның шығысындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты келесі шараларды тез арада қабылдауды талап етемін: 1. Украинаның барлық қарулы күшін тұрақты орналасқан орнынан дереу алып кету. 2. Украинаның шығысынан әскери форма киген Ұлттық гвардия аталатын қарулы жасақтарды дереу шығару. 3. Шығыс аймақтарда тіршілік жүйелерін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар ұсынған жетекшілермен дереу бейбіт диалогты бастау", - делінген құжатта.

Янукович осы талаптар орындалғаннан кейін елді федерализациялау мен облыстардың өкілеттігі және Украинада биліктің не президенттік, не парламенттік формасын қалыптастыру жөнінде референдум өткізу керектігін айтады. Оның мәлімдеуінше, бұл референдумдардың нәтижесі бойынша конституциялық реформа мен парламенттік және президенттік сайлау өткізу қажет.

"Егер бұлай жасалмаса, біздің елге ыдырау қаупі төніп тұр. Ол бейбіт түрде емес, азаматтық соғыс арқылы болмақ. Ес жиыңыздар! Сіздер ағайынды ағайынға айдап салып отырсыздар, бұл қайғыны өзгелер пайдаланып кетеді", - делінген жазбаша үндеуде.

Янукович Киевтегі қазіргі билік қантөгістің аз-ақ алдында тұрғанын айтты. "Қан жуылмайды. Тоқтаңыздар! Украинаның шығысында сіздердің қару қолданғандарыңыздан ештеңе өзгермейді. Адамдар қорланды. Сіздер миллиондаған адамды террорист деп атадыңыздар. Адамдардың өз құқығы, өз өмірі мен балаларының өмірі үшін күресуден басқа амалы қалмаған еді", - дейді ол.

Еске салайық, Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа биліктің заңдылығын мойындамаған халық федерализациялауды жақтап, наразылық шараларын өткізіп жатыр. Киев қақтығыс аудандарында армияны қолданып, антитеррористік операциялар жүргізетінін жария етті. Айта кетейік, Януковичқа Украинада іздеу жарияланды. Елдің бас прокуратурасы оны адамдардың өліміне соқтырған террорлық акт жасады деп айыптап отыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети