01 қаңтар 1970 | 06:00

WhatsApp-ты бұзып алу: Алаяқтарға қалай ақша аударуыңыз мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.


Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.

Қазіргі алаяқтар компаниялардың қызметкерлерін алдап, ақшасын иемдену үшін WhatsApp немесе Telegram секілді мессенджерлерді жиі пайдаланады. Кең таралған сценарийлердің бірі — компания басшысының аккаунтын бұзып алып, шұғыл ақша аударуды сұрап, жалған хабарламалар жіберу.

Мынадай жағдайды елестетіп көріңіз: компанияның есепшісіне директорынан нөмірі жазылған картаға дереу белгілі бір соманы аударуды сұраған хабарлама келеді. Хабарламада шұғыл төленуі тиіс шығындар немесе жедел шешуді қажет ететін төтенше оқиға туындап қалғаны туралы айтылуы мүмкін. Алаяқтардың әрекеті екенін білмеген есепші компанияның мүддесі үшін әрекет етіп жатырмын деп ойлап, аударым жасайды.

Қалай сақтануға болады?

  • Ақпаратты қайта тексеру. Мессенджер арқылы келген өтініш бойынша, адамның өзі жеке растамайынша, ешқашан ақша аудармаңыз. Хабарлама тікелей басшыңыздан келсе де, оған қоңырау шалып, аударымның шынымен қажет екенін өзінен нақтылап алыңыз.
  • Екі факторлы аутентификация орнату. Компанияның барлық қызметкерлері мессенджерлердегі аккаунттарында екі факторлы аутентификация пайдаланатынына көз жеткізіңіз. Бұл қорғаныс деңгейін арттыра түсіп, алаяқтардың мақсатына жетуін қиындатады.
  • Қызметкерлерді оқыту. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тренингтер өткізіп тұрыңыз, қызметкерлерді әлеуметтік инженерия әдістері туралы хабардар етіп, күдікті хаттар мен хабарламалар келгенде қалай әрекет ету керегін үйретіңіз.
  • Қосымша рәсімдер енгізіңіз. Компанияда қаржылық операцияларды жүргізудің нақты тәртібін орнатыңыз. Мысалы, ірі сомадағы ақша аударымдарын компаниядағы бірнеше уәкілетті тұлға растауы керек.

Салдары

Сақтық шаралары қабылданбаса, компания айтарлықтай қаржылық шығындарға ұшырап, серіктестері мен клиенттерінің сенімін жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар, бұзылған аккаунттарды қайтарып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін көп уақыт пен ресурс жұмсайсыз, ал бұл сайып келгенде, іскерлік беделіңізге кері әсерін тигізеді.

Киберқауіптер өршіп тұрған жағдайда алаяқтардан әрдайым бір қадам алда болып, бизнесіңізді жасалуы мүмкін шабуылдардан қорғауға көмектесетін амалдарды алдын ала жасап қойғаныңыз абзал.

Tengrinews пен Halyk Bank-тің арнайы жобасының парақшасына өтіп, алаяқтыққа төтеп беру жолдары туралы толығырақ біліңіз.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети