01 қаңтар 1970 | 06:00

Басқаның атын жамылып жасалған алаяқтық. Ешқашан қоңырау шалмайтындардың хабарласуы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.  


Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.  

Шыққанына көп бола қоймаса да, алаяқтарды қомақты олжаға кенелтіп үлгерген алаяқтық әдісі — “мемлекеттік органдардан” және олардың “өкілдерінен” келетін қоңыраулар мен хаттар. Алдаудың бұл түрі кеңінен таралып келеді, сондықтан оны тани білген өте маңызды. Мемлекеттік органдар ешқашан қоңырау шалу, хаттар немесе әлеуметтік желілер арқылы сізден банк шоттарыңызға кіруге рұқсат сұрамайды немесе гранттар мен несиелер ұсынбайды. Өзіңізді және бизнесіңізді осындай қауіптерден қалай қорғауға болатынын қарастырайық.

Алаяқтықтың мысалдары

  • “Мемлекеттік органдардың” қоңырау шалуы: Алаяқтар қоңырау шалып, өздерін салық қызметі немесе басқа да мемлекеттік орган қызметкерімін деп таныстырып, құжаттарыңызда ақаулар барын немесе сізге грант ұсынылатынын айтады. Олар сіздің есептік жазбаларыңызға кіруге рұқсат етуді немесе «қызмет» ақысын төлеуді сұрайды. Шын мәнінде, бұл – алаяқтар, мұндай қоңырау шалушыларға сенбеу керек. 
  • “Маңызды ақпараты бар” хаттар: Сізге мемлекеттік органның логотипі бейнеленген, шұғыл түрде деректеріңізді беруді немесе ақпаратты растау үшін сілтеме арқылы өтуді сұраған хат келеді. Мұндай сілтемелерге ешқашан өтпеңіз және хат арқылы жеке деректеріңізді беруші болмаңыз. 
  • Грант пен субсидиялар ұсыну: Алаяқтар сізге “тегін” грант немесе субсидия ұсынады, бірақ оны алу үшін кішігірім “комиссия” төлеуді немесе банк шотыңызға кіруге рұқсат етуді талап етеді. Бұл да — алаяқтық, ешбір грант жайдан-жай берілмейді. 
  • Әлеуметтік желілердегі жалған аккаунт: Әлеуметтік желілерде мемлекеттік орган қызметкерлерінің парақшаларына ұқсас жалған аккаунт ашатын алаяқтар пайда болған. Олар сенімді көрінуі үшін жалған құжаттар мен куәліктер жасап алады да, осындай аккаунт арқылы қолданушыларды алаяқтық схемаларына тартады. 

Қорғануға қатысты кеңестер

  • Сақ болыңыз: Мемлекеттік орган атынан хабарласып, хат жазып, банк шотына, есептік жазбаңызға кіруге рұқсат сұраса, ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз. Шынайы мемлекеттік органдар қоңырау шалу немесе хат арқылы рұқсат сұрап, жеке деректерді талап етпейді. 
  • Күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз: Ресми болып көрінсе де, бейтаныс хабарласушылардың хаттарындағы сілтемелер арқылы ешқашан өтпеңіз. Ең дұрысы – органның ресми сайтына кіріп, ақпаратты өзіңіз тексеріп алыңыз. 
  • Жеке деректеріңізді бермеңіз: Ешқашан телефон арқылы немесе хат арқылы кілтсөздеріңізді, банк шоттарының деректерін, басқа да құпия ақпаратты беруге болмайды.
  • Әлеуметтік желілердегі аккаунтарды тексеріңіз: Сізге біреу әлеуметтік желіде өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, хат жазса, оның аккаунтының шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз немесе ұйымға тікелей жүгініңіз.
  • Гранттар туралы ақпаратты тексеріңіз: Сізге грант немесе субсидия ұсынып жатса, бұл ақпараттың қайдан келгенін мұқият тексеріңіз. Шынайы ұсыныстар тек мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады. 

Салғырттықтың салдары

Алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз, оның мынадай жайсыз салдары болуы мүмкін:

  • Қаржылық шығындар: Алаяқтар банк шоттарыңызға қол жеткізіп, ақшаңызды жымқырып кетуі мүмкін.
  • Құпия ақпараттың қолды болуы: Сіздің жеке деректеріңіз немесе бизнесіңізге қатысты деректер алдағы уақытта тағы алаяқтық жасау үшін қолданылуы мүмкін. 
  • Қауіпсіздікке байланысты проблемалар: Қаскөйлер сіздің деректеріңізді бизнесіңізге шабуыл жасау үшін пайдалана алады. 

Барынша сақтық танытып, абай болыңыз! Өздерін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстыратын бейтаныс адамдарға ешқашан сенбеңіз. Өзіңізді және бизнесіңізді алаяқтардан қорғаңыз! Tengrinews пен Halyk Bank-тің арнайы жобасының парақшасына өтіп, алаяқтыққа төтеп беру жолдары туралы толығырақ біліңіз.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети