01 қаңтар 1970 | 06:00

“Банктен” хабарласқан алаяқтарды танып, бизнесіңізді қорғау жолдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.


Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.

Соңғы жылдары банктің қауіпсіздік қызметінің атын жамылып, хабарласатын алаяқтық деректер саны 30 пайызға артты. Алаяқтар өздерін банк қызметкері деп таныстырып, есепшотыңызда күмәнді әрекеттер тіркелгенін немесе шотыңызға біреулер рұқсатсыз қол жеткізбек болып жатқанын айтады. Сізден жеке деректеріңізді растауды, eGov кілтсөзін жіберуді, банк карталарыңыз туралы ақпарат беруді, тіпті, қаржылық операциялар жасауды да сұрайды. Кейінгі уақытта алаяқтардың SIM картаның мерзімі өтіп кеткені туралы және оны банк қызметкерінің "көмегімен" қайта шығаруды ұсынатын хабарламалар арқылы қолданушылардың смартфондарына қол жеткізу әрекеттері жиілеп кеткен.

Сақтану жолдары

  • Жеке деректеріңізді жария етпеңіз. Телефон арқылы ешқашан кілтсөздерді, PIN-кодтарды, CVV-кодтар немесе басқа құпия ақпаратты бөліспеңіз. Банк қызметкерлері ешқашан мұндай мәліметті сұрамайды.
  • Қоңырау шалушының расында банк қызметкері екенін тексеріңіз. Егер сізге біреу осылай хабарласса, әңгімені тоқтатып, ресми сайтт немесе картаңызда көрсетілген нөмір бойынша банкке өзіңіз қоңырау шалыңыз.
  • Қызметкерлеріңіздің білімін жетілдіріңіз. Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында қызметкерлеріңізге жиі тренингтер өткізіп тұрыңыз. Алаяқтықтың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып беріңіз.
  • Екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз. Банк шоттарына және корпоративтік есепшоттарға кіру үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Бұл олардың қауіпсіздігін арттыра түседі.
  • Сақ болыңыз. Күмәнді қоңырауларға ерекше мән беріп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға тырысыңыз.

Мұның қандай қаупі бар

Қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарасаңыз, қомақты қаржылық шығынға ұшырап, маңызды деректеріңіз ұрлануы мүмкін. Алаяқтар компанияның банк шоттарына қол жеткізіп, ақшаңызды жымқырып, ұрланған деректерді тағы да шабуыл жасау үшін пайдалана алады. Бұл компанияның қаржылық жағдайына соққы жасап қана қоймай, клиенттер мен серіктестердің сеніміне де нұқсан келтіреді, бизнесіңіздің беделін төмендетеді.

Қосымша сақтық шаралары

  • Бағдарламалық жасақтаманы жүйелі түрде жаңартып отырыңыз. Банк есепшоттары мен корпоративтік деректерге кіру үшін пайдаланылатын барлық құрылғыларда бағдарламалық жасақтама мен антивирус бағдарламаларының соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
  • Күдікті әрекеттердің есебін жүргізіңіз. Барлық күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларды жазып алып, талдау жасаңыз. Бұл қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға көмектеседі.
  • Төтенше жоспар құрыңыз. Сіз немесе қызметкерлеріңіз алаяқтардың құрбаны болған жағдайда қалай әрекет ететініңізді жоспарлап қойыңыз. Оның арқасында шұғыл әрекет жасап, залалды мейлінше азайта аласыз.
  • Қауіпсіздік баптауларын тексеріңіз. Банк аккаунттарында сақтық шаралары барынша ескерілгеніне, мысалы, аккаунтқа біреу кірген кезде ескерту, операцияларды растау туралы хабарлама келетіндей баптаулар қосылғанына көз жеткізіңіз.

Деректеріңізді және қаражатыңызды қорғаңыз, компанияңызға ешқашан қауіп төнбесін. Tengrinews пен Halyk Bank-тің арнайы жобасының парақшасына өтіп, алаяқтыққа төтеп беру жолдары туралы толығырақ біліңіз.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети