01 қаңтар 1970 | 06:00

Валюта аударымдары кезіндегі алаяқтық. Доллар мен еуроларыңыз қалай ұрлануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.


Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.

Сіздің заңды тұлғаңыз шетелдік серіктестермен жүйелі түрде мәмілелер жасап, олардың қызметтерінің немесе тауарларының ақысын SWIFT-аударымдар арқылы төлеп отыратын болуы керек. Бұл - халықаралық төлем жүргізудің ыңғайлы, әрі сенімді тәсілі, бірақ оның да өз қауіптері бар.

Алаяқтардың схемасы қалай іске асады:

Бәрі оп-оңай. Алаяқтар хат алмасуды шынайы етіп көрсету үшін, шетелдік серіктесіңіздің электрондық поштасын бұзып алады немесе оның атынан жалған электрондық мекенжай ашып алады. Содан кейін реквизиттерін өзгертіп, сізге төлем шотын жібереді. Егер сіз шоттағы реквизиттерді тексермей, төлем жасап қойсаңыз, ақша алаяқтардың есепшотына аударылады.

Қорғануға қатысты кеңестер:

  • Шоттағы реквизиттерді тексеріңіз: Шотта көрсетілген реквизиттерді шетелдік серіктесіңізбен жасаған келісімшарттағы мәліметтермен үнемі салыстырып, тексеріп отырыңыз. Егер реквизиттерде қандай да бір өзгеріс болса, демек, бәрін қайта қарап, дұрыстығын анықтау керек.
  • Өзгерістерді растау: Егер реквизиттерден қандай да бір айырмашылықты байқасаңыз, бірден серіктесіңізге қауіпсіз байланыс арнасы арқылы, мысалы, телефонмен немесе бейнеқоңырау арқылы хабарласыңыз. Өзгерістерді алаяқтар емес, шынымен де серіктесіңіз жасағанына көз жеткізіңіз.
  • Көп факторлы аутентификацияны қолданыңыз: Корпоративті поштаңызға және маңызды деректер сақталатын басқа да жүйелерге кіру үшін екі факторлы аутентификация орнатып қойыңыз. Бұл алаяқтардың сіздің байланыс құралдарыңызға қол жеткізуін айтарлықтай қиындата түседі.

Бұл кеңестерді елемеудің салдары:

Жалған реквизиттер бойынша төлем жасап қойсаңыз - қыруар қаржыңыздан айырылғаныңыз. Өйткені алаяқтарға жіберілген ақшаны қайтару мүмкін емес. Оған қоса, мұндай жайсыз жағдайлар абыройыңызға және серіктестеріңізбен қарым-қатынасыңызға кері әсер етуі мүмкін.

Қаражатыңыздың қауіпсіздігі мен беделіңізді сақтап қалу үшін, әсіресе, халықаралық серіктестермен жұмыс істегенде, реквизиттерді әрдайым тексеріп тұрыңыз. Қандай да бір өзгерістерді серіктесіңізбен жеке сөйлесіп, растау керек. Берілген ақпараттың дұрыстығына сенімді болмайынша, ешқашан төлем жасамаңыз.

Tengrinews пен Halyk Bank-тің арнайы жобасының парақшасына өтіп, алаяқтыққа төтеп беру жолдары туралы толығырақ біліңіз.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети