26 ақпан 2015 15:20

1 сәуірден бастап жұмыссыздар әлеуметтік төлемдерді оңай алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жұмыссыздарға төленетін әлеуметтік төлем шаралары 1 сәуірден бастап жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді әлеуметтік төлемнің бұл түрі жұмыссыз ретінде тіркелген кезде автоматты түрде тағайындалатын болады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Оның ішінде, өкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген кезде жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу бар.

"Осылайша, жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына әлеуметтік төлем белгілеу үшін қосымша хабарласудың қажеті болмайды. Сонымен қатар, бұған дейін жұмыссыз ретінде тіркеліп қойған азаматтар әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау жөнінде осы орталықтарға өтінім бере алады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова министрлік мамандарының денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети