Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

2006 жылғы үлгідегі купюраларды ҚР Ұлттық банкінің кез келген филиалынан ауыстырып алуға болады

28 Сәуір 2016, 15:29
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстанда 2016 жылдың 3 қазанын бастап айналымнан шығатын 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды ҚР Ұлттық банкінің кез келген филиалынан ауыстырып алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, 3 қазанға дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. Одан кейін 12 ай ішінде - 2016 жылғы 4 қазан - 2017 жылғы 3 қазан аралығын қоса алғанда көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуы тиіс. "ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады", - делінген хабарламада.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 259 68 14 телефоны бойынша хабарласуға болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай