Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2016 жылдың алғашқы сессиясында доллар бағамы 343 теңгеден асты

05 Қаңтар 2016, 11:09
6
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2016 жылы KASE-нің алғашқы сессиясында доллар бағамы 343,11 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылы сауда 340,5 теңге бағаммен аяқталған болатын.

5 қаңтар күні таңғы сессияда алғашқы сауда 343 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға 342,98 теңге болды. Ал ең жоғары баға - 343,21 теңге. Сауданың жалпы көлемі 91,6 миллион долларға жетті. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша, шетел валютасы ақша айырбастау орындарында 341-345 теңгеге сатылып жатыр.

Айта кетейік, 2015 жылы доллар бағамының тарихи антирекорды 21 желтоқсанда орнаған болатын. Ол кезде бір доллар 349,12 теңгеге бағаланды. Келесі күні Ұлттық банкте баспасөз мәслихаты өтіп, бағам тұрақтанды. Алайда біраз уақыттан кейін шетел валютасы қайта қымбаттай бастады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай