19 қаңтар 2015 15:12

2016 жылы әлемнің 1 пайыз байлары дүниежүзі тұрғындарынан ауқаттырақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миллиардерлер Билл Гейтс пен Уоррен Баффетт. ©REUTERS Миллиардерлер Билл Гейтс пен Уоррен Баффетт. ©REUTERS

2016 жылы әлемнің 1 пайыз байлары дүниежүзі тұрғындарынан ауқаттырақ болады, - деп хабарлайды The Independent


2016 жылы әлемнің 1 пайыз байлары дүниежүзі тұрғындарынан ауқаттырақ болады, - деп хабарлайды The Independent

Oxfam қайырымдылық ұйымының 19 қаңтарда жария болған зерттеуіне қарағанда, қазіргі уақытта әлемнің 1 пайызы болатын миллиардерлердің байлығы дүниежүзі дәулетінің 48 пайызын алып отыр, ал келесі жылы бұл көрсеткіш тұғыш рет 50 пайыздан жоғары болуы мүмкін. Сарапшылардың мәліметінше, өсіп келе жатқан теңсіздік жаһандық кедейлікпен күресті ұстап тұр. Басылымда бұл жағдайдың жер бетіндегі бір миллиардтан астам адамның күніне 1,25 долларға өмір сүріп жатқан уақытында болып отырғаны жазылған. Ұйымның өкілдері, мұнымен қатар, әлемдік дәулеттің кішкентай ауқатты қалаулы топтың қолына өтіп жатқанына назар аударады.

Oxfam Давостағы форумның қатысушыларын жаһандық теңсіздікті шешу үшін жаңа шаралар қолдануға шақыруды жоспарлап отыр. Бұл шараларда салықтан жалтарудың жазасын қатаңдату және барлық жұмысшыларға жалақының ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен болмауы керектігі айтылады. "Әлемнің байлары" тізіміне америкалық инвестор Уоррен Баффет, Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі Майкл Блумберг және үнді кәсіпкері Дилип Шангви кіреді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети