2018 жылы ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда көлемі 18,5 миллиард долларға жетті

16 Қазан, 11:50
0
2018 жылы ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда көлемі 18,5 миллиард долларға жетті -

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XXI отырысы Нұр-Сұлтан қаласында 15 қазанда өтті. Жиынға қазақстандық тараптан ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов, ресейлік тараптан - РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары - қаржы министрі Антон Силуанов қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Отырыс барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені, атом энергиясын бейбіт пайдалану, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет, туризм, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара қарым-қатынасы саласындағы мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне ие. Бұл ынтымақтастықты нығайту мақсатында мемлекет басшылары мен өзгеде түрлі деңгейлерде кездесулер өтіп тұрады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келеді. Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі саналады (еліміздің сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі - 19,5 пайыз).

2018 жылы ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда көлемі $18,5 миллиард құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 13,1 пайыз-ға жоғары (16,4 миллиард доллар). Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі 0,8 пайыз-ға артып, 12,2 миллиард долларды құрады (2018 жылы 8 ай - 12,1 миллиард доллар).

Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР-ның транзиттік әлеуетін дамытуға баса көңіл бөлді, жақын арада "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" ауқымды жобасы аяқталады.

"Соңғы жылдары "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" ауқымды автокөлік жобасын аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін біздің елдеріміз транзиттік әлеуетті толыққанды жүзеге асыра алатынына сенімдімін", - деді Әлихан Смайылов.

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан - Ресей Үкіметаралық комиссиясының XXI отырысының хаттамасына қол қойылды.

Комиссия 2020 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан - Ресей Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысын өткізуді ұсынды.

2019 жылдың 6-7 қарашасында Омбы қаласында (РФ) мемлекет басшыларының қатысуымен "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Сонымен қатар, палаталардың бизнеспен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе алмасуға, аймақтық деңгейде ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындарының кооперативті байланыстарын нығайтуға, оның ішінде үшінші елдердің нарықтарына шығу үшін нығайтуға ерекше назар аудару ұсынылады.

ҮАК келесі XXII отырысын 2020 жылы Ресей Федерациясында өткізу шешімі қабылданды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай