13 қаңтар 2020 10:41

2019 жылы күнкөріс минимумы 30 мың теңгеге жетпеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pixabay.com ©pixabay.com

Жасөспірім-қыздарға күнкөріс минимумы осы жастағы балалармен салыстырғанда 23 пайызға төмен. 2019 жылы күнкөріс минимумы орта есеппен жан басына шаққанда 29,7 мың теңге болып, оның алдындағы бір жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға өскен. Азық-түлік себеті 16,3 мың теңгеге жетті, ал азық-түліктік емес тауар және ақылы қызмет - 13,4 мың теңге болған, - деп хабарлайды finprom.kz.


Жасөспірім-қыздарға күнкөріс минимумы осы жастағы балалармен салыстырғанда 23 пайызға төмен. 2019 жылы күнкөріс минимумы орта есеппен жан басына шаққанда 29,7 мың теңге болып, оның алдындағы бір жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға өскен. Азық-түлік себеті 16,3 мың теңгеге жетті, ал азық-түліктік емес тауар және ақылы қызмет - 13,4 мың теңге болған, - деп хабарлайды finprom.kz.

Жалпы 2019 жылы күнкөріс минимумының мөлшері негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сүйене отырып есептелген (29,3 мың теңге - 2018 жылмен салыстырған 8,4 пайызға көп). Жыл бойы ең төменгі күнкөріс деңгейі қазан айында (32,2 мың теңге), тамызда (32 мың теңге) және қыркүйекте (31,8 мың теңге) байқалды.

Айта кетейік, 2020 жылы әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін күнкөріс минимумы деңгейі 31183 теңген болған. Ең төменгі жалақы өзгермейді және 42500 теңге деңгейінде қалады.

Жалпы 2019 жылы күнкөріс минимумының ең көп деңгейі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында байқалады: 36 мың теңге - орташа республикалық мәннен 22,5 пайызға көп. 

Нұр-Сұлтанда КМ бойынша екінші орынға ие болды: 33,8 мың теңге - республика бойынша орташа көрсеткіштен 15,1 пайызға көп. 

Үздік үштікте Алматы тұр: 32,5 теңге. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 29,5 мың теңге. Айта кетейік, осы аталған өңірлерде ғана күнкөріс минимумы орташа республикалық деңгейден асып түскен. 

Күнкөріс минимумының ең аз деңгейі - Павлодар ((25,9 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,6 мың теңге) және Жамбыл облыстарында (26,8 мың теңге) байқалады. 

 

2019 жылы 13 жасқа дейінгі балалар үшін күнкөріс минимум деңгейі 24,1 мың теңге болған. Сонымен қатар, 14-17 жастағы жасөспірімдер үшін есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 37 мың теңге (бір жыл бұрын - 34 мың теңге), ал 14-17 жастағы қыздар үшін - 28,3 мың теңге (бір жыл бұрын — 26,1 мың теңге) болған.

18 жастан асқан еңбекке жарамды халықтың күнкөріс минимумы мынадай: ерлерде - 34,8 мың теңге (бір жыл бұрын - 32,1 мың теңге), әйелдерде - 27,6 мың теңге (бір жыл бұрын - 25,4 мың теңге).

Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін есептелген күнкөріс минимумы 27,4 мың теңге (бір жыл бұрын - 25,3 мың теңге) болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети