Forbes табысты футболшылардың тізімін жариялады

08 Мамыр 2014, 10:34
0

Америкалық беделді басылым Forbes журналы әлем бойынша ең жоғары ақы алатын футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізім басында 29 жастағы Криштиану Роналду. Ол 2013 жылы 73 миллион доллар тапқан. Оның ішінде  24 миллион доллары жарнамалық келісімшарттардан түскен.  Роналдудан кейін екінші орында Аргентина командасының мүшесі  Лионель Месси. Оның жылдық табысы 65 миллион доллар. Үздік үштіктің қатарына енген тағы бір футболшы Златан Ибрагимович. Табысы 34  миллион доллар.

Табыс табу жағынан Forbes-тің үздік ондығына енгендердің құрамында бразилиялық Неймар (28 миллион доллар), колумбиялық Радамель Фалькао ("Монако" командасынан, жылдық табысы 26 миллион доллар), валлийлық Гарет Бэйл  ("Реал" командасының құрамында, табысы 24 миллион доллар), ағылшын Уэйн Руни ( "Манчестер Юнайтед" командасынан, табысы 22 миллион доллар), сондай-ақ "Манчестер Сити" командасының құрамындағы Серхио Агуэро және  Яя Тур (табыстары 21 миллион доллар), және Фернандо Торрес ("Челси" командасынан, табысы 20 миллион доллар) бар. 

Бұған қоса  басылым  өткен жылы рейтингтің көш басында болған "Пари Сен-Жермен" командасының жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм 2013 жылы спорттық карьерасын тоқтатқанына байланысты биыл тізімге енбегінін айтып отыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай