21 тамыз 2015 17:34

KASE кешкі сессиясы: доллар 237,66 теңгеге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының кешкі сессиясы доллар бағамының 237,66 теңге көрсеткішінде аяқталды, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, доллар бағамы таңғы сессияда 252,47 теңге болған. Кешкі сессиядағы сауда 11.30-дан 15.00-ге дейін жалғасты. Жалпы 14 қатысушы болды. Сауда көлемі 10,7 миллион доллардан асты.

Осыған дейін хабарланғандай, мұндай бағам демалыс күндеріне дейін - KASE қор биржасының дүйсенбідегі таңғы сессиясына дейін бекітіледі. Сонымен қатар, валютаны сату мен сатып алудың айырмасын 2 теңгеден асырмау туралы шектеу бар.

Еске сала кетейік, 21 тамыздың таңғы сессиясында доллар бағамы 20 тамыздың таңғы сессиясының бағамынан 2,79 теңгеге аз болды. Сауда көлемі 49,6 миллион доллардан асты, бұл сома кешегіге қарағанда 69,95 миллионға аз. 2015 жылдың 20 тамызының кешкі сессиясы доллар бағамының 252,26 көрсеткішінде аяқталды. Көлемі 21,5 миллион доллар болатын саудаға валюта нарығының 13 адамы қатысты.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети