Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

KASE қор биржасының күндізгі саудасы доллардың орташа бағамы 246,9 теңге көрсеткішінде ашылды

21 Тамыз 2015, 12:30
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының 2015 жылдың 21 тамызындағы күндізгі саудасы доллардың орташа бағамы 246,9 теңге көрсеткішінде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 12.05 жағдайында келісімнің минималды бағасы доллар үшін - 240,5, максималды - 249,6 теңге. Жалпы көлемі 1,91 миллиард теңгеден асты. Сауда 11.30-да ашылды және 15.30-ға дейін созылады.

Еске салайық, KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 253 теңге болған еді. Сағат 10:15-те бағам 252,5 теңге болса, 10.30-да 252,92 теңгеге көтерілді.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай