Ақышев 1 қазаннан бастап депозиттердің қалай өзгеретінін айтты

27 Қыркүйек 2018, 17:43
0
Ақышев 1 қазаннан бастап депозиттердің  қалай өзгеретінін айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 1 қазаннан бастап депозиттердегі максималдық мөлшерлеме бойынша бірыңғай кепілдік деңгейі депозиттің қанша уақытқа ашылғаны мен депозит түріне байланысты әр түрлі болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салымшылар енді депозиттің үш түрі бойынша түрлі кепілдік деңгейімен ақша жинай алады.

"Салымшы жинақ депозитін ашып, ол жинақтан белгілі бір уақыт бойы мүлде ақша шешпейтін болса, ол үстінен көп табыс көріп қана қоймай, сондай-ақ, оған кепілдік ретінде 15 миллион теңге белгіленеді. Ал депозиттің басқа түрлері, яғни салымшыда кез келген уақытта депозиттен ақша шешіп алу мүмкіндігі болса, мөлшерлеме әлдеқайда төмен болып, кепілдік деңгейі де 10 миллион теңгеге түседі", - дейді Ақышев.

Банк төрағасының айтуынша, депозиттердің максималдық мөлшерлемесі бір пайыз деңгейінде қала береді.

Айта кетейік, 2018 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша еліміздегі депозиттердің саны 17,7 триллион теңгеге жетті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай