17 қазан 2018 13:07

Ақышев БЖЗҚ-ның зейнетақы қаражаты қашан ұлғаятынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алдағы бес жылда БЖЗҚ-ның келіп түсетін зейнетақы қаражаты ұлғая бастайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Парламенттегі отырыс барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алдағы бес жылда БЖЗҚ-ның келіп түсетін зейнетақы қаражаты ұлғая бастайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Парламенттегі отырыс барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақышевтің мәлімдеуінше, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің төлемге қабілетсіздігі туралы болжамдар негізсіз және құзыретсіз болып табылады. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 8,9 триллион теңге болды. Портфельдің өсуі жыл басынан бері 1,1 триллион теңгеге немесе 14,3 пайызға тең болды.

Оның айтуынша, келіп түсетін ақша қаражаты (зейнетақы жарналары) жыл өткен сайын жіберілетін қаражатынан (зейнетақы төлемдері, аударымдар және басқалары) 4 есе асып, оң серпін көрсетіп отыр. Төлемдердің жалпы сомасы сақтандыру ұйымдарына 15,5 миллиард теңге аударымдарды қоса алғанда, жылдың басынан бері 130,9 миллиард теңге болған.

"График бойынша ай сайынғы төлемдер жыл басынан бері 3,7 миллиард теңге болды. Бұл осы жылы зейнетке шығып, график бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлерге арналған төлемдер екендігіне назар аударған жөн", - деді Ақышев.

Ақышев БЖЗҚ жүргізген актуарлық есеп айырысуларға сәйкес алдағы 5 жылда зейнетақы қаражатының ұлғаятындығын және бұрынғысынша жіберілетін қаражаттан асып кететіндігін атап өтті. 2019-2023 жылдар аралығындағы кезеңде БЖЗҚ-ның болжамдары бойынша төлемдердің жиынтық көлемі 1,3 триллион теңге болған кезде зейнетақы жарналарының жиынтық көлемі 5 триллион теңгені құрайды.

"Сонымен бірге қор портфелінің инвестициялық құрамдас бөлігі туралы да есте сақтаған маңызды. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда БЖЗҚ салымшылары үшін 9 пайызды құрады. Ал инфляция болса 6,1 пайыз болды. Нәтижесінде осы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,9 пайызды құрады", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети