22 ақпан 2018 13:52

Ақышев қаржы пирамидаларына байланысты халыққа ескерту айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Данияр Ақышев қаржы пирамидаларын қалай тануға болатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық банк басшысына онлайн-конференция кезінде осындай сұрақ қойылды. 


Данияр Ақышев қаржы пирамидаларын қалай тануға болатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық банк басшысына онлайн-конференция кезінде осындай сұрақ қойылды. 

"Барлық қаржы пирамидасы жоғары деңгейде ұйымдасқан, оларды анықтай алмауы үшін. Сәйкесінше, түрлі айла қолданылады. Соңында қандай да бір себеппен сіз онда қаржыңызды саласыз", - дейді Ақышев. 

Данияр Ақышев Ұлттық банктің ресми сайтына да қаржы пирамидасын қалай тануға болатыны туралы ескертпенің барын еске салды.

1. Депозит қабылдауға Ұлттық банк лицензиясының болмауы. Бұл қаржы пирамидасының белгісі. 

2. Мемлекеттік тіркеу туралы жарғының болмауы.

3. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандайда бір ақпараттың болмауы.

4. Салымды сақтандыру туралы кепілдің болмауы.

5. Салымның нарықтағы орташа деңгеймен салыстырғанда негізсіз жоғары пайда әкелуі туралы уәделер. 

6. Жаңа қатысушыны тарту үшін бонустар төлеу. 

7. Қабылдану үшін міндетті төлем.

8. МБАҚ бетінде жаппай жарнамалануы.

9. Қымбат сыйлықтар ұсынылатын шоу-презентациялар ұйымдастыру.

10. Табыс көзі, қаржы айналымы, бизнес-процесстер мен өзге амалдарының айшық болмауы.

"Бізде азаматтарымызға айтар үлкен өтінішіміз қаржыларыңыздың сақтығы өздеріңіздің саналы болуларыңызға байланысты", - дейді Ақышев. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети