22 маусым 2017 13:19

Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақышев Ұлттық Банк азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу және салымшылардың басқа қажеттіліктері үшін мерзімінен бұрын алу туралы ұсынысын қолдауға дайын ба деген журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Жинақтаушы зейнетақы жүйесі не үшін құрылады? Адамдардың жасы ұлғая келе орын алатын еңбекке жарамсыздығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинақтау үшін. Ақшаның бір бөлігін азаматтар үшін алу керек деген кез келген ұсыныстар зейнетақы қаражатын төлеуге жіберілетін ақша бөлігінің қысқаратынын білдіреді", - деді Ақышев. Ол зейнеткерлердің бүгінгі буыны зейнетақыны мемлекеттік бюджеттен алатынын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта, бұл опция айтарлықтай қысқарады.

"Кедейшілік бойынша жәрдемақы қалады. Қалғанының бәрі жинақтаушы зейнетақы жүйесінен жүзеге асырылуға тиіс. Зейнеткерлік жасқа жеткенше ақшаны пайдалану үшін арнаны аша отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қауіп төнуі мүмкін, адамдарға болашақта ақша жетіспеуі мүмкін. Сондықтан ақшаны пайдалану туралы кез келген ұсыныстар қартайғанда ақша жете ме? деген мәселемен өлшенуге тиіс", - деп өз көзқарасын білдірді.

"Қызметкердің өзінің әлеуметтік қамсыздануы үшін жауапкершілігі өсуге тиіс және жинақтаушы зейнетақы жүйесі - алғашқы қадам. Оның күрделі екендігі және әрине халықтың менталитетін өзгерту үшін ұзақ уақыт талап етілетіні түсінікті. Алайда бұл қажетті қадам", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети