27 мамыр 2015 15:42

Алматы бюджетіндегі қаражаттың қайда жұмсалатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengri-ba.kz © tengri-ba.kz

Алматы бюджетіндегі қаражаттың қайда жұмсалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматының әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен V шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 40-шы сессиясында қаланың 2015 жылғы нақтыланған бюджеті бекітілді.


Алматы бюджетіндегі қаражаттың қайда жұмсалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматының әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен V шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 40-шы сессиясында қаланың 2015 жылғы нақтыланған бюджеті бекітілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дағдарысқа қарсы шаралар мен резервтер көздерін іздестіру нәтижесінде 26 миллиард 785 миллион 603 мың теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді, ол мегаполистің әлеуетті бағыттары - денсаулық сақтау мен білім беру салаларының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, Шаңырак-5, Ақбұлақ, Алғабас ықшамаудандарындағы электр желілерін қайта жасауға, Наурызбай ауданында әлеуметтік және әкімшілік нысандарды салуға және Ян Гейлдің жобасы бойынша қаланың 8 ауданының аумағын жасылдандыру мен өзге де жұмыстарға жұмсалатын болады.

Айта кетейік, Алматының қалалық мәслихаты қала бюджетін 470 миллиард 844 миллион 679,4 мың теңге көлемінде бекітті. Ал жалпы қаланың нақтыланған бюджетінің көлемі - 387 миллиард 188 миллион 279,4 мың теңге.

"Мегаполисте барлық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасы тұрақты сақталып келеді. Алматының 2015-2017 жылдарға қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыруда оң нәтижеге қол жетті, яғни 4 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша мүмкіндіктері іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

"Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы өңірлер экономикасының негізгі даму индикаторы - жалпы ішкі өнім 8 триллион теңгеден асты, өсім қарыны - 107,1 пайыз. ЖІӨ-де Алматының үлесі бұрынғыдай республика бойынша ең жоғары - 20,7 пайыз. Биыл 4 айдың ішінде еліміз бойынша салық жинауда қаланың үлес салмағы рекордты көрсеткішке жетті - 33 пайыз", - деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, негізгі капиталға деген инвестиция көлемінің де өскені белгілі болып отыр - 106,1 пайыз. Ал өндіріс көлемі 102,4 пайызға өскен, ШОБ саны артып, жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 12,7 пайызға көбейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети