26 тамыз 2018 18:18

Алматы облысына бөлінген 40 миллиард теңге қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 40 миллиард теңге бағытталды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.


Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 40 миллиард теңге бағытталды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бұл қаражатқа 300-ден астам ірі жоба жүзеге асырылады. Атап айтар болсақ, аймақта бірнеше көркем фильм мен халықаралық ақпарат агенттіктерінің қатысуымен имидждік роликтер түсіріліп, шетелге ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып жатыр. Тарихи-мәдени ескерткіштердің электрондық картасы жасалып, оған жалпы саны 2300-ден астам нысан енген.

Айта кетейік, "Атамекен", "Ақпарат толқыны" сияқты жобалардың жүзеге асырылу барысын Талдықорғандағы "Рухани жаңғыру орталығы" қадағалап отырады. Ол өткен жылы желтоқсанда құрылды. Жобалық кеңседе өңірдегі 8 басқарманың қызметкерлері бірігіп жұмыс істейді. Облыс бойынша "Атамекен" бағдарламасы Қарасай, Жамбыл, Алакөл және Балқаш аудандарында жүзеге асып жатыр.

"2018 жылдың аяғына дейін 7 миллиард теңгеге 178 жоба жоспарланған. Ол жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге 40 жоба іске асырылды. 4 миллиард теңгеге жұмыс жасалынып шықты", - деді "Рухани жаңғыру" орталығының менеджері Гүлнәр Бесбаева.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети