29 шілде 2015 14:55

Астана мен Алматының жоғары оқу орындарында білім алу үшін қанша ақша керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rodeoclub.ru © rodeoclub.ru

Tengrinews.kz тілшісі Алматы мен Астанада 2015-2016 оқу жылында жоғары оқу орындарында білім алу ақысының қандай болатынын анықтады.


Tengrinews.kz тілшісі Алматы мен Астанада 2015-2016 оқу жылында жоғары оқу орындарында білім алу ақысының қандай болатынын анықтады.

Ресми сауалға жауап берген Білім және ғылым министрлігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу ақысын жоғарылатудың жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

Биыл да өткен жылғыдай ең қымбат жоғары оқу орындарының көшбасында ҚБТУ мен KIMEP тұр.

Тілшімізге ҚБТУ-дың қабылдау комиссиясындағылар (Алматы) оқу ақысының түлектің ҰБТ-да жинаған балына байланысты болатынын айтты, мысалы 50 балдан жоғары - 1 миллион 950 мың теңге; 70 балдан жоғары - 1 миллион 400 мың теңге. Сонымен қатар, қазақ-түрік лицейінің, физика-математика гимназиясының түлектері мен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін қосымша жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.

"Бізде бір сабақ 150 мың 240 теңге тұрады. Келесі курсқа өту үшін студенттер ең кемі 10 сабақ алуы тиіс, ал оқуды 4 жылда тәмамдау үшін - 12 сабақ. Сонда жылына 1 миллион 500 мың теңгеден 1 миллион 700 мың теңгеге дейін шығады", - деп жауап берді KIMEP-тің қабылдау комиссиясындағылар (Алматы).

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана) оқу ақысы 650 мың теңгеден 710 мың теңгеге дейін. ҚазГЗУ (Астана) - 480-680 мың теңге, факультет таңдауға байланысты.

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде (Алматы) - 770 мың теңге.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы) - 620 - 700 мың теңге.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде - 440-567 мың теңге. Ал Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқу ақысы - 355 мың теңге.

Бұған дейін биылғы оқу жылында мемлекеттік тапсырыс көлемінің 39 994 орын екені хабарланған болатын. Оның ішінде бакалавриат - 32 168 грант, магистратура - 7 241 грант, докторантура - 623 грант. 

"Мемлекеттік тапсырыста алдағы жылдардағыдай техникалық мамандықтар көш бастап тұр - 42,4 пайыз", - деді білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев. Оның айтуынша, бұл жылдағы ерекшелік гранттардың тіл бойынша үлестірілуінде - қазақ бөліміне 75 пайыз және орыс бөліміне 25 пайыз. "Мұндай шешім қазақ бөліміндегі конкурсты есепке алудың және межелік балдың деңгейінің негізінде қабылданды", - деп түсіндірді ол.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети